Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Асан Омаров: Табиғи қалпымызды табуымыз қажет

Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғ. Бейсембаев белгілі абайтанушы Асан Омаровты қабылдады.

Академияның ғалым-профессорлар, ұстаз-педагогтермен кездескен абайтанушы Асан Омаров адам капиталын Абай әлемімен сабақтастыра дамыту турасында пікірін білдірді.

Ұрпақ тәрбиесінде Абай айтқан бес нәрсеге асығу, қашық бол деген бес нәрседен алшақ болу – ұлттық педагогикамен сабақтасуы қажет екенін және имандылық – әлеуметтік саясат пен мемлекет өмірінде маңызды рөл атқаратынын білдірді. Батыстық даму моделіне қатысты көзқарасын білдіре келе, ол табиғи қалпымызды табуымыз қажет деп ойын түйіндеп өтті.

Оның айтуынша, ұлы Абайды тұлға ретінде тану, шығармаларының хронологиясын реттеу, қарасөздерін қалпына келтіру маңызды. Өйткені, ғұлама ақынның әрбір сөзі адамзатқа өнеге. Басты мәселе – Абайдың әр сөзіне қарапайым тілмен түсінік беру.

Кездесу абайтанушы Асан Омаровтың академия қызметкерлерінің сауалдарына жауап беруімен қорытындыланды.

0
0
101

Осы тақырып бойынша

Асан Омаров: Табиғи қалпымызды табуымыз қажет - Yvision.kz