Білікті психологтың көмегіне жүгініңіз!
Қазір қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі буллинг. Бұл мәселені дер уақытында шешу үшін шара қолданбасақ, кейін кеш болуы мүмкін. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 17% -ы айына бір немесе бірнеше рет мектепте буллингке ұшырайды. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, ауыл мектебіне қарағанда қала мектептерінің оқушылары жиі буллинг құрбаны болады» - деген мәліметті ұсынады. Буллинг дегеніміз – бұл бір немесе топ адамның жеке адамға бағытталған агрессивті мінез-құлқы. Зерттеушілер буллингтің шығу себептерін әртүрлі түсіндіреді. Бірақ жалпы қабылданған ұстамын бойынша, бұл: 1. Тұлғаның басқа адамдары басқаруға ұмтылысы; 2. Қолында билігі бар адамның ішкі агрессиясы буллинг арқылы көрінеді; 3. Өзі буллингтің құрбаны болғысы келмейтін немесе…