Мазмұнға өту
usergoogle107980296133474498984

Алтай Жумабек

@usergoogle107980296133474498984

Сайтта 2020 ж. 11 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

10

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Сазанның ойнағы.

Көктем. Аспан ашық. Түн ортасынан түскен уақыт. Ауыл терең ұйқыда. Тауыққорада кейбір дыбыстардан шошынған әтеш оянып, мазасыз шалдай күңкілдеп, ол да тынышталып қалды. Аулдың таңғы ауасын-ай! Ешбір әлемде теңі жоқ! Аулада «свет» жаққан бойда, сол жарыққа құрт көбелек үймелей қалды.Баяғыда, шайтанның айдай сұлу қызы болған екен. Сол қызға ғашық болған жігітте көптен көп болған. Шайтан өзінің сұлу қызын адамға бергісі келмей, өз қызын сиқырмен отқа айнладырып жіберіпті. Ал сол қызға ғашық болған жігіттерге шарт қойған:- Кімде-кім менің қызымды құтқарғысы келсе, онда сол отты өшіру керек. Бірақ, тектен тек ол отты өшіруге болмайды, ол үшін адам көбелекке айналу керек – деген екен.Айдай сұлу шайтанның қызын сүйіп қалған жігіттер ойланбастан келісе кетеді екен. Міне сол кездерден бері «шайтан…

0
0
455

Шабындық

Бала кезімде талай әдемілікті көргем. Сол бір әдемілік шабындықта түнде болушы еді. Кеш батып, түн келіп, ай шығатын кездерде айнала ерекше әдімілікке бөленетін. Шабындықтың қақ ортасына шығып, ауаны иіскеп тұратын кездер талай болған еді. Түннің қараңғысы мен айдың жарығы шабындықты бір әсерлі, және де өзгеше түске бояушы еді... Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Кәзір де міне есіме түсіріп отырсамда, түстеп айтып бере алмай отырмын... Сөз байлығым жұпыны ғой шіркін...Бірақ, сол бір сезімдер әлі ойда, жүректе, жадымда... Қара саннан асатын құлпырған көк майса шөпті самал жел қалықтатып, толқындатып қозғап тұрады. Бұл шабындық емес, бұл деген қап қара теңіз, жоқ, мұхит секілді. Сол бойсыз суда мен бір батыл капитан, қатты дауылға шыдап, желкендері жыртылып, бірақ діңгектері сынбаған кемеде…

0
0
566

Ақ бұлттар.

Бала кезімде қыркүйек күндері мектептен келе сала, үйдін шаруасын күні бұрын жасап койып, түскі асымды шала-шарпы жеп, сарайдагы тұрған блесналарымды алып, Пионер деген белсебетке мініп алып, үйдің алдындағы валға шығам. Ол жақта, нұқтауын жаңа шешкен бұзаудай тебініп достарым жүреді. Ақтобе деген жерге қарай жөнелеміз. Колбасный цехтың тұсынан жағаға қарай бұрылып, қара жолмен баратын жерімізге жетеміз. Ауа райы қандай тамаша десеңші! Қақ төбеңнен күн шақырайып тұрғанмен, ыссы емес күн! Аспанда, әр жерде салақ жеңгемнің дастарханында жатқан секердей, бұлттар шашылып тұрып қалғандай. Соңғы жылуға тоймай қалатындай қара жерде күннің жылуын сіңіріп жатыр. Қарайып, қоңырайып жатқан қамыс, қоға сарғайған жағаның бойы. Судың балдыры шөгіп, қомағай шортан мен ашкөз алабұғаның жорыққа шығып, шаб…

0
0
269

Табиғат оркестрі

Мен бүгін қой бағуға шықтым. Валдың ең биіктеу жеріне отырып, бір қиығыммен қойларды қарап, екіншісімен кітап оқып отырмын. Бірақ, табиғат көп кітапты оқытпады.Көктем әр күн сайын, әр қадам сайын табиғатты әдемі түстерге бояп, құшағын айқара ашып келе жатыр. Жағаның бойын жасылға бояған көкорайға көзің тоймайды! Жылдан жылға, ғасырдан ғасырға көктемде өніп, күзде өшіп келе жатқан көкорайды қойлары қырқып жүріп барады. Малдың арасынан кішкентай зымырандай зулаған қарлығаштар, құйрығын шошаңдатып, жәндік қуып жүрген шақшақай шымшықтар... Қоға мен қамыс арасынан ұя салуға дайындалып жатқан құстардың ерекше концерттері бірде қатты шығып, бірде азайып жатады. Бейне бір джаз композициясын ойнап, репетиция жасап жатқандай. Дыбыстап беру мүмкін емес! Қайталауда мүмкін емес! Бір біріне мүлдем ұқса…

0
0
291