Сазанның ойнағы.
Көктем. Аспан ашық. Түн ортасынан түскен уақыт. Ауыл терең ұйқыда. Тауыққорада кейбір дыбыстардан шошынған әтеш оянып, мазасыз шалдай күңкілдеп, ол да тынышталып қалды. Аулдың таңғы ауасын-ай! Ешбір әлемде теңі жоқ! Аулада «свет» жаққан бойда, сол жарыққа құрт көбелек үймелей қалды.
Баяғыда, шайтанның айдай сұлу қызы болған екен. Сол қызға ғашық болған жігітте көптен көп болған. Шайтан өзінің сұлу қызын адамға бергісі келмей, өз қызын сиқырмен отқа айнладырып жіберіпті. Ал сол қызға ғашық болған жігіттерге шарт қойған:
- Кімде-кім менің қызымды құтқарғысы келсе, онда сол отты өшіру керек. Бірақ, тектен тек ол отты өшіруге болмайды, ол үшін адам көбелекке айналу керек – деген екен.
Айдай сұлу шайтанның қызын сүйіп қалған жігіттер ойланбастан келісе кетеді екен. Міне сол кездерден бері «шайтанның қызын сиқырдан құтқарам» деп көп жігіт көбелекке айналып отқа түсетін болған екен.
Көктемде су келіп, өзендер арнасынан шығып шабындық пен мал өрісіне су жәйіліп шығады. Сол жәйілма суға жылдан жылға, ғасырдан ғасырға тұқым қуалайтын қасиетке бағынып уылдырығын шашуға балық келеді. Соның ішінде орыны бөлек, ерекше құрметке лайық сазан балығы. Денесі мығым, қабыршағы тығыздалған, мыс түсті, қимылы еспе бұл балықты құрметтемейтін қазақ жоқ шығар...
Сол таңда, мен бір кереметтің күәсі болдым. Аспанның шығысы бозарып келе жатқан шағы, іңір қараңғысында көрінбей, бозша торғай дауыс беріп, тіршілікті оятып жатыр. Тізеден келетін суды кешіп келіп, менде шаршап тұрдым. Сол кезде алдымнан жасылданған қоғалардың арасынан бір шалпыл естіліп, бір бірінің артынан бір үйір сазан ойнақтап қаша жөнелді. Судың беті қас қағымда қайнай жөнеліп, толқындай кетті! Уылдырықты шашуға дайындалып жүрген, соқыр түйсікке бағынған балық басқамен шаруасы жоқ! Тек ойнақтап, судың бетін арқа қанатымен кескен, бей берекет шалпылдаған сазан! Қандай жағымды дыбыс десеңші... Табиғат ананың, Тәңірдің ісіне тәнті боласың! Бұл ғажапты құлақпен естіп, көзбен көрген адамның сезімін сөзбен айтып жеткізу деген қиын! Менің сасқаным сонша, демім тарылып,тамағыма тас тұрып, есімнен айылырып, аузымнан сөз шықпай қалды... Уақыт не тоқап қалғаннын, не зымырап өте шыққанын білмей қалдым...
Сазан ойнақтап терең суға қарай кетіп жөнелді. Таң атып, тіршілік атау оянып, жаңа күн келіп жатты... Бүлігі басылған судың беті тынышталып, тегістеліп жатты...
Ұмытылмас көрініс! Кәзірде, көзімді жұмсам, судың бетін қайнатқан сазанның ойнағы...
