Ақ бұлттар.
Бала кезімде қыркүйек күндері мектептен келе сала, үйдін шаруасын күні бұрын жасап койып, түскі асымды шала-шарпы жеп, сарайдагы тұрған блесналарымды алып, Пионер деген белсебетке мініп алып, үйдің алдындағы валға шығам. Ол жақта, нұқтауын жаңа шешкен бұзаудай тебініп достарым жүреді. Ақтобе деген жерге қарай жөнелеміз. Колбасный цехтың тұсынан жағаға қарай бұрылып, қара жолмен баратын жерімізге жетеміз. Ауа райы қандай тамаша десеңші! Қақ төбеңнен күн шақырайып тұрғанмен, ыссы емес күн! Аспанда, әр жерде салақ жеңгемнің дастарханында жатқан секердей, бұлттар шашылып тұрып қалғандай. Соңғы жылуға тоймай қалатындай қара жерде күннің жылуын сіңіріп жатыр. Қарайып, қоңырайып жатқан қамыс, қоға сарғайған жағаның бойы. Судың балдыры шөгіп, қомағай шортан мен ашкөз алабұғаның жорыққа шығып, шабақ қуатын нағыз кезі. Қайран кездерім-ай! Неге сонша өсуге асықтым екен... Бір сәт, сол кезге оралып, көзімнің бір қиығымен көрсемғой, шіркін... Сол кезде аспандағы жылжып бара жатқан кол жетпес бұлтты тау етіп елестетіп армандайтын едім... "Менде сол таудың ішінде жүрсем" -деп. Енді міне, таудың етегінде де жүргенім де, балалық шағымның армандарын есіме түсіріп, еріксіз жымиамын... Бала кезде бақытты болу үшін аз ғана нәрсе керек екен...
