Өскемендегі топ-7 қызықты орын
ТОП-7 деп бөліп алғанымменен, Өскеменде әлі де қызықты жерлер баршылық. Және болашақта көбейе береді деген сенімдемін. Өскеменнің құшағы әркімге ашық! 7. Өскеменді екі бірдей өзен кесіп өтетіндіктен, расымен, ең әдемі жерлердің бірі - Славский атындағы жағалау. Бұл жердің атмосферасы адамды шаттыққа бөлеп, армандауға ерік береді. Жергілікті тұрғындар арасында "Стрелка" атанып кеткен ықшамауданға дейін жалғасатын жағалау бойымен үлкен-кіші велосипед пен ролик теуіп, сергиді. Қоңыр салқында жағымды музыкамен тегіс жолда велосипед тепкенге не жетсін! 6.Металлургтер паркі Өскемен Кенді Алтайдың қанатының астында түсті метал өндірудің алыбы екенін еске сала отырып, мен Металлургтер паркі туралы айтқым келеді. Бұл паркте әртүрлі әткеншектер, жаздық кафелер мен ойын-сауық түрлері бар. 5.BarBQ ме…