Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өскемендегі топ-7 қызықты орын

ТОП-7 деп бөліп алғанымменен, Өскеменде әлі де қызықты жерлер баршылық. Және болашақта көбейе береді деген сенімдемін. Өскеменнің құшағы әркімге ашық!

7. Өскеменді екі бірдей өзен кесіп өтетіндіктен, расымен, ең әдемі жерлердің бірі - Славский атындағы жағалау. Бұл жердің атмосферасы адамды шаттыққа бөлеп, армандауға ерік береді. Жергілікті тұрғындар арасында "Стрелка" атанып кеткен ықшамауданға дейін жалғасатын жағалау бойымен үлкен-кіші велосипед пен ролик теуіп, сергиді. Қоңыр салқында жағымды музыкамен тегіс жолда велосипед тепкенге не жетсін!

6.Металлургтер паркі

Өскемен Кенді Алтайдың қанатының астында түсті метал өндірудің алыбы екенін еске сала отырып, мен Металлургтер паркі туралы айтқым келеді. Бұл паркте әртүрлі әткеншектер, жаздық кафелер мен ойын-сауық түрлері бар.

5.BarBQ мейрамханасы

Бұл мейрамхананың басты ерекшелігі - орталық көшелердің әсем панормаларын тамашалап, өте дәмді тамақтана аласыз. Сонымен қатар, қаланың шуынан ауашаланып, жаныңыз тынығады.

4. "Император" сауда үйі

Өскеменнің 300 мыңнан асатын тұрғындарының көңілін табатын, соңғы үлгідегі сәнді киімдермен қаланы қамтамасыз ететін сауда үйі. Сонымен қатар, сіз бұл жерде тұрмысқа қажетті заттар сатып ала аласыз, дәмді тамақтана да аласыз. Өте ыңғайлы.

3. Үлкен мешіт

Бұл мешіт Қазақстандағы сыйымдылығы бойынша 3 орында тұр. Ол күніне 3000 адамды қабылдай алады. Оны тұрғызуға 20000 адам талмай жұмыс істеген. Оның ашылу күніне 5000 адам елдің түкпір-түкпірінен келген, сыймай қалғандары намазды сыртта да оқыған. Әрине, бұл жер ойын-сауық үшін емес. Бірақ егер Өскеменде мешіт іздеген болсаңыз - ол Ертістің жағасында тұр.

2. "Қазақстан" тауы

Бұл шыңды бағындырғаннан кейін сіз жүлде ретінде керемет қала панорамасын көре аласыз. Әсіресе, кешкі уақытта бұл жерде халық көбейеді. Көпірден түскен шамдардың сұлбасы, мақпалдай шалқыған өзендер, үйлердің терезелері - барлығы романтикалық атмосфераны өмірге әкелсе, мұнарадағы қасиетті Ту - ұлтжандылық сезімін оятатыны анық.

1. Республика алаңы. Осыдан бірнеше жыл бұрын, республика алаңы бірінші орынды алмайтын еді. Бірақ, 2016 жылы қала әкімдігі өскемендіктерге билейтін субұрқақ сыйлады. Шынымен, көздің жауын алатын керемет дүние. Алаңда кешкі серуенде жүрген адамдар осы бір ғажайып субұрқақтан энергия алатын сияқты. Бір көрсең - ұмытпайсың.

0
0
6045

Осы тақырып бойынша