Инстаграмда «ажырасқандар селфиі» белең алды
Қолдарына ажырасу туралы қағазды ұстап алып, селфиге күліп түскен адамдардың суреттері желі қолданушылары арасында үлкен танымалдылыққа ие болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz LIFE.ru сайтына сілтеме жасап.
Өзінің тіркелушілерін үйлену тойдағы фотоларымен таңқалдыру енді оңай еместігін түсінген кейіпкерлер осыдан былай ажырасу салтанатынан селфи жариялауға көшкен. Инстаграмда бұл трендті #divorceselfie деген хэштегпен тамашалай аласыз.
Меніңше, бұл трендтің психологиялық тұрғыдан жағымды жақтары өте көп. Қазіргі күндегі отбасы институттарының статистикасына сүйенетін болсақ, Қазақстандағы ажырасу мөлшері 27%, Ресейде 51%, АҚШ-та 53%-ды құрайды екен. Яғни АҚШ-та әрбір 100 отбасының 53-і ажырасқан деген сөз. Сот барысында көбіне жұбайлардың өзара түсініспеушілігі деген себеп айтылады,-дейді мамандар.
Ал Инстаграмдағы бұл тренд ажырасудан соң да достық пен сыйластықты сақтап қалуға өз әсерін тигізеді деп ойлаймын. Әсіресе, бала үшін әке-шешесінің жақсы қарым-қатынасы өте қымбат. Баланың психикасына жақын адамдарының жанжалы үлкен нұқсан келтіретіні бесенеден белгілі. Әрине, олардың әрқайсысы жеке өмірін құрып, оны жақсартуға құқылы. Сондықтан, олар барынша бейбіт түрде ажырасудың жолдарын іздеу керек.
Желіні қолданушылардың өздері де сезімдерін жасырмай жазуда.
@healthy_happy_mom_ деген қолданушы "Үйлену күнінен бетер қуаныштымын" деп суретіне пікір жазған.
Ал, @ratandpuffshow: "Бейбіт ажырасу деген өмірде бар нәрсе екен!" деп шынайы қуанған.
Рейчел деген қолданушы бұрынғы жұбайымен түскен суретінде:"Өмірдің жаңа тарауы үшін! Біз әлі де жақсы командамыз, екеуіміздің дос болып қалғанымызға ризамын!" деп ішкі сезімдерін жайып салды.
Толығырақ: https://tengrinews.kz/strange_news/Instagram-ohvatil-novyiy-trend-selfi-v-chest-razvoda-319472/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz
