Мемлекеттік бажды төлеу бойынша өзгерістер енгізілді
2014 жылдың 29 қарашасында жекелеген нормаларды қоспағанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді. Бұл Заңмен АІЖК, ҚІЖК, ӘҚбтК және өзге де бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. АІЖК-де көзделген негізгі енгізілген жаңалықтарға: - қадағалау тәртібінде сот актілерін қайта қарау туралы апелляциялық, кассациялық шағымдар мен өтініштерді беру кезінде мемлекеттік баж төлеу жатады. Сөйтіп, осы Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап, мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжат болмаған жағдайда, апелляциялық, кассациялық шағымдар мен қадағалау тәртібінде…
Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында сот жүйесінің ардагерлерінің, соның ішінде Судьялар одағының құрметті мүшелерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.