Кәмелетке толмағандарға қатысты азаматтық істерді қараудағы өзекті сұрақтар
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Солтүстік Қазақстан облысының Білім Департаментінің қамқоршылық және қорғаншылық органы бөлімі, Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарының қамқоршылық және қорғаншылық органы бөлімі мамандарының, Петропавл қалалық прокуратурасының қызметкері, және жетім балалар мен ата-ананысының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп – интернаты өкілдерінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандарға қатысты азаматтық істерді қараудағы өзекті сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел өткізу барысында ата-ананың құқығынан айыру және шектеу, бала асырап алу, балаларды арнайы оқу ұйымдарына жіберуге қатысты материалдарды дайындау кезіндегі өзекті сұрақтарды талқылады.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға қамқоршылық және қорғаншылық органдарының материалдарды дайындау кезінде жіберілген қателіктерін назарларына салды.
Бұдан басқа сот судьялары дөңгелек үстелге қатысушылардың ҚР «Неке (ерлі-зайыптылар) және Отбасы» кодексін қолданудағы сұрақтарға жауаптар берілді.
Қайнар: Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
