Петропавл қаласының №2 сотында ашық есік күні өтті

Халықтың сот билігіне сенімін ұлғайту үшін Петропавл қаласының №2 сотында ашық есік күні өткізілді.
Іс- шараны Солтүстік Қазақстан университеті коледжінің 3- курс студенттері, Петропавл қаласының тұрғындары, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері келіп көрді.
Сот төрайымы Н.Р. Малдыбаева қатынасушыларды осы жылдың 10 айында сот төрелігін атқарудың қорытындысымен таныстырды, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты порталының электронды сервисі жайлы мәлімет берді. «Сотқа шақыру қағазы» электронды сервисінің қолдану тәртібіне, қысқа мәтінді хабарламаны қарау және ашуға толығырақ тоқтап түсіндірді.
Сонымен қатар қатынасушыларға сот мамандарының киімі, судьяның жаңа мантиясы көрсетілді, мантияның жаңа үлгісі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының пленарлық отырысы шешімімен бекітілді.
Колледж студенттеріне сот отырысына қатысуға мүмкіндік берілді. Кездесуді сот кеңсесі басшысы А.Ж. Айтымова сот ғимаратында экскурсия өткізумен аяқтады.
