Петропавлда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодесіндегі жаңашылықтарды талқылады

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Қарсы келген қозғалысқа арналған жолдың өтпе бөлігіне шығу және ол үшін жауапкершілік» тақырыбында құқық қорғау, прокуратура органдары және Петропавл қаласының басқа да құрылымдарының, сонымен қатар БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты жүргізушілердің қарсы келген қозғалысқа арналған жолға шығу қатысты проблемалық мәселелерді талқылау болып табылады.
Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Асламбек Көшенов өз сөзінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 19 сәуірден № 195-V Заңымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің (көлік құралын жолдау жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) 463-3-бабы 3-бөлігінде санкцияға қатысты өзгерістер енгізілгендігін атап айтты.
2014 жылғы 30 сәуірден айынан бастап аталған берілген Заңның заңдық күнне енген күнінен бастап, қарсы келген қозғалысқа арналған жолдың өтпе бөлігіне шығу жағдайында жүргізушілер көлік құралдарын жүргізуден бір жыл мерзіміне айыру жазасын қолдану арқылы және жүргізу құқығы жоқ немесе айырылған тұлғалар 50 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұлға жазаланады.
Бұған дейін осындай әрекеттері үшін жүргізушілер 15 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұлға жазаланған болатын.
Көрсетілген өзгерістер жол-көлік апаттарының азаюына, сәйкесінше, ЖКА кезіндегі қатысушылардың денсаулығына зақым келтіруді, мүлік бұзылуы және жолдағы өлім-жітімді азайтуға бағытталған.
Судьяның айтуынша, Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзгерістерді енгізген кезеңнен бастап 6,5 ай ішінде ҚР ӘҚБК-нің 463-3-бабы бойынша Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік жауапкершілікке 486 жүргізушіні тартты, атап айтқанда көлік құралдарын жүргізуден бір жыл мерзіміне әрбір жүргізуші айырылған болатын.
Бұдан басқа судья сотқа жіберілген материалдарды рәсімдеуде сапалық тәсілдеме қажеттілігі туралы атап айтты, сонымен қатар жергілікті деңгейде реттелетін бірқатар мәселе сұрақтарын белгіледі.
