Сот медиациясы» жобасы жұмыс істеуде
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Азаматтық іс жүргізуге сот медиациясын ендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында семинар өткізілді. Жиналғандар сот медиациясын әрі қарай қолдануға қатысты сұрақтарды талқылды, аралық нәтижелерді қорытындылады. Осы пилоттық жобаның қатысушысы болатын Петропавл қ. №2 сотында судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерін жетілдіру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын айтып өтті. Бітімгершілік рәсімдерді жасайтын судьялар анықталды, ұйымдастыру техникасымен және жиһазбен жабдықталған арнайы кабинет ашылды. Бітімгершілік рәсімдерді жасайтын судья эмоциямен, ақпаратпен жұмыста көмек беретін арнайы техниканы білу қажет, жанжалдасқандар арасындағы келіссөздерді ұйымдастыра білуі қажет, тараптар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуге көмек көр…
