Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сот медиациясы» жобасы жұмыс істеуде

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Азаматтық іс жүргізуге сот медиациясын ендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында семинар өткізілді.
Жиналғандар сот медиациясын әрі қарай қолдануға қатысты сұрақтарды талқылды, аралық нәтижелерді қорытындылады.
Осы пилоттық жобаның қатысушысы болатын Петропавл қ. №2 сотында судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерін жетілдіру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын айтып өтті. Бітімгершілік рәсімдерді жасайтын судьялар анықталды, ұйымдастыру техникасымен және жиһазбен жабдықталған арнайы кабинет ашылды.
Бітімгершілік рәсімдерді жасайтын судья эмоциямен, ақпаратпен жұмыста көмек беретін арнайы техниканы білу қажет, жанжалдасқандар арасындағы келіссөздерді ұйымдастыра білуі қажет, тараптар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуге көмек көрсетуі қажет және екі жақты қанағаттандыратын өзара қолайлы шешімге келулеріне көмек көрсетуі қажет.
Сот медиациясы тараптардың келісімі бойынша келесі міндетті қағидаттардың негізінде бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьямен жүргізіледі: еріктілік; медиация тараптарының тең құқылығы; судьяның тәуелсіздігі мен бейтараптылығы; медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік; құпиялық; іс жүзіндегі заңның талаптарына сәйке келу.
Жобаның басты нәтижесі ретінде мүлікті бөлу, шарттық міндеттемелерді орындау, балалармен кездесу тәртібін анықтау сияқты күрделі істерді шешудегі медиацияның жоғары нәтижесін атап кетуге болады.  Басқа оң нәтиже, ол - судьялар-медиаторлардың іс жүзіндегі жанжалды шешуде және азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінде медиацияға деген сенімді қалыптастырудағы тәжірибелік білімдерге ие болу.
1
0
270

Осы тақырып бойынша

Сот медиациясы» жобасы жұмыс істеуде - Yvision.kz