Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің қарау тәртібін реттейтін заңнамадағы өзгерістер туралы

2014 жылдың 02 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің қарау тәртібін реттейтін заңнамадағы өзгерістер» тақырыбында БАҚ-ы үшін пресс-конференция өтті.
2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілетін жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері туралы судья Рамазан Қрымұлы Хасенов әңгімеледі. Белгілі өзгерістердің алқабилер қатысуымен қаралатын қылмыстық істер бойынша ерекше өндірісіне де қатысы бар. Қылмыстық заңға сәйкес өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған, аса ауыр қылмыстар бойынша сот бұрынғыдай да істерді алқабилердің қатысуымен қарайды, ерекшелігін тек кейбір қылмыс құрамдары құрайды. Бірақ жаңа заңға сәйкес сезіктінің, айыпталушының істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінімі барына немесе болмауына қарамастан, міндетті түрде алдын ала тыңдау өткізіледі. Алқабилер сотының және алқабилер мәртебесінің орны күшейтілді. Лауазымды адамға азаматқа алқабидің міндетін орындауға кедергі болу туралы жаңа ҚР ҚК-да қылмыстың жаңа құрамы белгіленді. Жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе сол көлемде түзеу жұмыстарымен, немесе жүз жиырма сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартумен, немесе қырық бес күн қамауға алумен жазаланады. Алқабилерге үміткерлер туралы жария етілмейтін жеке ақпараттың құпиялылығын сақтау кепілдіктері күшейтілді. Жаңа ҚР ҚІЖК-де төрағалық етушіні алқабилермен рұқсат етілмейтін дәлелдемелерді зерттеу кезінде тараптардың шектеуді бұзудың алдын алу бойынша қосымша өкілдіктер берілген. Төрағаның өкімдеріне бағынбаған кезде процеске қатысушыны ақшалай жазаға тартуы мүмкін. Сот, сонымен қатар, сот өндірісінің тәртібін бұзып, төрағаның заңды өкімдеріне бағынбайтын сот процесіне қатысушыға қатысты, оған заңмен қарастырылған шара қолдану үшін, жеке қаулы шығаруы мүмкін. Жаңа ҚР ҚІЖК-де маңызды жаңалық кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін төрағаның алқабилерге жүгіну сатысын алып тастау болып табылады. Бұл алқабилер өздеріне өздігінше айыптау және қорғау тараптары дәлелдерінің негізгі мазмұнын жинақтап, ал прокурорлар мен адвокаттар өз сөздерін кәсіби заңгер болып табылмайтын алқабилерге түсінікті болатындай етіп құрып, сондай-ақ толық жеткізілетін болуы қажет екенін білдіреді.
Судья Бақытжан Мұхтарқызы Сатвалдинова журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, алқабилер сотында қылмыстардың қандай құрамы қаралатыны туралы әңгімеледі. 2010 жылдан бастап және қазіргі уақытқа дейін алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық істер бойынша статистикалық мәліметтерді келтіре отырып, түрлі мерзім ішінде осы санатқа жататын істердің өсуі мен төмендеуінің беталысына сараптама жүргізді.
