Қылмыстық және Қылмыстық процессуалдық кодекстерге енгізілген өзгерістерді талқылады

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2014 жылдың 09 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының, прокуратура, құқық қорғау органдары өкілдерінің және адвокаттардың қатысуымен жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің аясында «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау» және «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істерді және жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды қараудағы жаңашылдықтарға қатысты сұрақтар талқыланды.
2015 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері қолданысқа енгізіледі. Кейбір өзгерістер алқабилер қатысуымен қаралатын қылмыстық істер бойынша ерекше өндірісіне де қатысы бар. Қылмыстық заңға сәйкес өлім жазасы, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айруға жасалған аса ауыр қылмыстар бойынша сот бұрынғыдай да істерді алқабилердің қатысуымен қарайды. Бірақ жаңа заңға сәйкес күдіктенушінің, айыпталушының алқабилердің қатысуымен істі қарау туралы өтінімі барына немесе болмауына қарамастан міндетті түрде алдын ала тыңдау өткізіледі. Алқабилер соты және алқабилер мәртебесінің орны күшейтілді. Жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінда қылмыстың жаңа құрамы белгіленді – лауазымды тулғаның азаматқа алқабидің қызметін атқаруға кедергі келтіруі. Алқабилерге үміткерлер туралы жария етілмейтін жеке ақпараттың құпиялылығын сақтау кепілдіктері күшейтілді.
Сонымен бірге талқыланған тақырыптардың бірі жаңа ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бірінші тарауында қаралған жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар сұрақтары болды.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың назары жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың тізімінің ұлғаюына байланысты енгізілген өзгерістерге назар аударылды. Осылай, жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру (жаңа ҚК 108-бабы) және ұрып-соғу (жаңа ҚК 109-бабы) сияқты құрамдар қосылды, оларды жасағаны үшін жауапкершілік әкімшіліқ заңнамамен қарастырылған.
Талқылау қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын әрі қарай қолдану мәселелері бойынша ұсыныстар қабылдады.
