Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жас судьялар ұжымға таныстырылды

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында аудандық және оған теңестірілген соттарға жаңадан тағайындалған судьяларды таныстыру рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қарашадағы Жарлығымен Петропавл қаласының №2 сотына Динара Ақпайқызы Испаева, Эльмира Әдетханқызы Мырзатаева, Мұрат Тұрғынбайұлы Жакенов, Петропавл қалалық сотына Тахмина Турсуновна Собирова, М.Жұмабаев ауданы сотына Әсем Маратқызы Жаналина, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның №2 аудандық сотына Мейрам Базарбайұлы Хасенов, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына Гүлжан Тәлейқызы Тәлеева судья болып тағайындалды.
Жас судьяларды таныстыра отырып, облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай оларды тағайындалуымен құттықтап, жұмыстарына табыс, өз міндеттерін адал және мінсіз орындауларын, сот төрелігін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын ғана басшылыққа ала отырып атқаруларын, бейтарап және әділ болуын тіледі.
Кейін облыстық соттың алқа төрағалары жас судьяларды олар сот төрелігін атқаратын сот ұжымдарына таныстырды.
3
0
394

Осы тақырып бойынша

Жас судьялар ұжымға таныстырылды - Yvision.kz