«Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысы барысында Шымкент қаласының тарихындағы ескерткіштердің сақталуы мен қорғалуы мәселелері талқыланады.Мәжілісте «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің төрағасы :– «Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер XI−XII ғасырларда болған деген гипотеза болатын. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған дәлел – археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлардың жерленуі. Мамандардың болжамы бойынша, ол біздің эрамызға дейінгі V-VІ ғасырларға тән.Қандай болғанда да, қала ескі заманнан-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен болған. Оған ежелгі қоныстарға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мәдениет мұралары дәлел бола алады. Тау етегінде өзен бойындағы алқап…