«Ұлтаралық келісім және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау»
Бүгін шығармашылық интеллигенцияның қатысуымен «Ұлтаралық келісім және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау» мәселелері бойынша "Этномәдени медиация" тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.
Бүгінде Қазақстан халықтары татулық пен достықта өмір сүреді. Барлық этностарда мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жүзеге асыру үшін бірдей жағдайлар бар. Сонымен бірге әр ұлттың тарихи мұрасына лайықты дәрежеде құрмет көрсетіледі. Қазақстан жерінде өмір сүретін халықтар арасындағы достық, өзара түсіністік, толеранттылық және келісімге басымдық беріледі. Еліміздің ішкі құрылымының осы стратегиясын білдіру үшін 1996 жылы ерекше күнді – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтуді бастады. Сондай-ақ елімізде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы жұмыс істейді. Органның негізгі міндеті – ел халқының рухани бірлігі мен достығы идеясын тарату.
Сондай-ақ, 1,5 мыңнан астам мәдени этникалық орталықтар мен этномәдени бірлестіктер бар Қазақстан үшін достық пен төзімділік бос сөз емес. Күн сайын Қазақстан халқының өкілдері этникалық құрамына қарамай қоғамның әр мүшесін түсінуге, бағалауға және құрметтеуге атсалысып, бірлігіміз баянды болуға еңбек етіп келеді.
