«Сити строй» ЖШС жұмыс ұжымымен онлайн кездесу өтті.
Кездесуде компания директоры Әсет Әбдірашұлы Қайыпбековтің сенімді өкілі Гүлназ Жансейітқызы Карабаева ұжым жұмысы жөнінде кеңінен тарқатып айтты.
Гүлназ Жансейітқызының айтуынша бүгінде компанияда 92 адам тұрақты, 400-ден астам адам маусымдық түрде жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда Шымкент, Түркістан қалаларында бес қабатты тұрғын үйлер құрылысын жүргізіп жатқан жетекші фирмалардың бірі де бірегейі осы «Сити строй». Бұдан бөлек компания Төлеби ауданында «Қазығұрт бақтары» деп аталатын ауыл-шаруашылық ұжымын құрып, ол жақтада 150 аудан тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы мақсат, халықты сапалы, табиғи ауыл-шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету.
Айта кетейік, «Сити строй» ЖШС-нің ұрандатып келе жатқан негізгі ұстанымы сапалы өнім, сапалы қызмет ұсына отыра халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту.
