Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Білім және Ғылым»

Іс-шарада Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Сәкен Аралбайұлы Мәжінбеков салауатты өмір салты оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен үнемі айналысу қажеттігі жайында жастарға әңгімеледі.

Жалпы адам баласы дүние есігін ашқасын, қоғамның толыққанды мүшесі болады. Он екі мүшесі сау адамзат, айнала ортаға пайдасын тигізіп, мемлекеттің өрекендеуіне өз үлесін қосады. Ал, бүгінгі біз сөз еткелі отырған жандар ше? Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы рөлі қандай?

Мүмкіндігі шектеулі адамды көрген кезде іштей жанашырлық танытып қана қоятынымыз бар. Олардың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде көптеген игілікті іс атқарып жатқанын біле бермейміз. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың еңбегі ерен.

Мүмкіндігі шектеулі жандар тірек-қимыл қозғалысы зақымданған, көру мүшесі және есту мүмкіндігінен айырылған спортшылар болып үш топқа бөлінеді. Әрқайсысы өздерінің шамасы келетін спорт түрін таңдап, жаттығады. Шұғылданатын спорт түрі де негізгі үш категорияға бөлінеді. Спорттың паралимпиадалық түріне жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, нысана көздеу, пауэрлифтинг, шаңғымен жарыс, арбамен билеу, отырып ойнайтын волейбол, волейбол, садақ ату, жағажай волейболы жатса, сурдлимпиадалық түріне футбол, шағын футбол енгізілген. Ал, паралимпиадалық емес спорт түрлеріне тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы «64» және дойбы «100» сайыстары жатады.

Бүгінде мемлекетіміздегі мүгедек жандарға үлкен қолдау көрсетілуде. Бұл спортшылар жанашырлыққа зәру емес, керісінші ел намысын қорғап жүрген жігерлі жандар. Сондықтан ортамызда жүрген мүмкіндігі шектеулі жандарға әрдайым жанашыр болып қана қоймай,олар еліміздің көк туын биікке көтеріп жүргендігін де естен шығармағанымыз жөн.

0
0
222

Осы тақырып бойынша

«Білім және Ғылым» - Yvision.kz