"Қазақстанның жаңа жағдайдағы іс-қимылы "
Іс шара мақсаты Жолдауға қолдау көрсете отырып, оны іске асыру жолдарын кеңінен талқылау. ZOOM платформасы арқылы өткен кездесуге Әл-Фараби аудандық филиалының Саяси кеңесі мүшелері қатысты.
Іс-шарада сөз алған белсенді партия мүшесі Наргиза Миразизовна: «Жолдауда ең маңызды мәселелер қозғалған, әсіресе ел экономикасы басымдылығы, осыған орай жергілікті басқару, мемлекеттік, жаңа экономикалық дамудың жолдары, орта және шағын бизнесті дамыту, экономиканың бәсекелестікке жетуіміз осылардың барлығы да әрбір азаматтың міндеті екенін түсінеміз», – деп атап өтті.
Жалпы Президент Жолдауында айтылған барлық мәселелер баршамыздың Отанымызға, отбасымызға адал еңбек етудің арқасында жүзеге асатыны анық. Осылайша алдағы уақыта Жолдауды талықау, түсіндіру жұмыстары бастауыш партия ұйымының мүшелерімен жалғасатыны айтылды.
