Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Қарағанды облысында ер адам әйелге әдейі ВИЧ жұқтырып, оның өліміне себеп болған

Шахтинск (Қарағанды облысы) қалалық сотында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) (ВИЧ) жұқтырғаны (ҚК 118-бабы 2-бөлігі) бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.Онда мына жайттар анықталды:2015 жылы ер адамға АИТВ жұқтырған деген диагноз қойылған. Емдеуден жалтарып, басқаларды жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы оған ескертілген.Ол 2016-2023 жылдар аралығында ауруын ескертпестен бір әйелмен бірге тұрған. Нәтижесінде ол жәбірленушіге АИТВ инфекциясын жұқтырған, соның салдарынан әйел адам қайтыс болған.Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен расталды, оған сәйкес жәбірленушінің өліміне екіншілік аурулардың дамуымен АИТВ-инфекциясы және басқа да іс материалдары себеп болған.Сотт…

0
0
300

Корея Республикасы Президентінің елімізге мемлекеттік сапары қалай өтіп жатыр?

Алдымен «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.Сосын Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль шағын құрамда келіссөз жүргізді.Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің шақыруын қабыл алып, елімізге сапармен келгені үшін кореялық әріптесіне алғыс айтты. Сондай-ақ мұны екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген шынайы ниеттің айқын көрінісі деп бағалайтынын жеткізді."Бүгінгі сапардың қос тарап үшін де мән-маңызы зор. Корея Республикасы – біз үшін сенімді…

0
0
330

Ұлытау облысында екі бірдей басқарманың басшылары ұсталған

undefined

Ұлытау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қуат Имантүсіпов екі айға қамауға алынған. Оған қатысты су тасқыны зардаптарын жоюға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ал Ұлытау облысы білім басқармасының басшысы Сапура Төлекова үйқамақта отыр. Ол қоластындағыларға сыйақыны заңсыз бөлген көрінеді.
Екеуі де қызметінен шеттетілген.

Бұл туралы t.me/orda_kz ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлады.

0
0
649

Елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылғалы жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо Торресті қабылдады.Президентке елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап өтіп, Қазақстанда спорттың осы түрін дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқаны үшін Энрике Сересо Торреске алғыс білдірді.Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар аударылады. Қазір еліміздегі спорт мектептерінде, футбол секцияларында 40 мыңға жуық бала жаттығады. Сондай-ақ инфрақұрылым жақсартылып, жаңа стадиондар салынуда.Қасым-Жомарт Тоқаев футболды дамытуға бағытталған бұл бастамаға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.Энрике Сересо Торрес «Атлетико Ма…

0
0
418

Қарағанды облысында екі жасқа толмаған бала көкжөтелден шетінеп кетті

Оған екпе салынбаған екен.

undefined

Фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, еліміздегі халықтың популяциялық денсаулығы өте әлсіз.

«Соңғы бірнеше жылда жинақталып қалған екпесіз балалардың аз ғана тобының өзі аурудың осылай өршуіне себеп болады. Өкінішке қарай, Қарағанды облысында көжөтелден бір өлім тіркелді. Бұл жерде баласына екпе салдыратын немесе салдырмайтын ата-аналардың ортақ жауапкершілігі болуы керек деп санаймын», – дейді Ақмарал Әлназарова.

Шетінеген сәби бір жас 11 айлық болған.  

0
0
210

ШҚО тұрғындары билікті басып алу мен сепаратистік әрекетті насихаттағаны үшін сотталды

Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды.Тергеу барысында аталмыш тұлғалар 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды.Референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттады.Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді.Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығы…

0
0
236

Бектенов халық бір жарым жылда 100% ауыз сумен қамтылуға тиіс екенін мәлімдеді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі екенін айтты. Ал оны орындау үшін небәрі 1,5 жыл қалды.
undefined

Фото: gov.kz

«2025 жылдың соңына қарай біз халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл – аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Уақыт тығыз, небәрі 1,5 жыл қалды. Әкімдіктер сумен жабдықтау көрсеткіштерінің жоғары деңгейіне қарамастан, ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарын күшейтуге тиіс. Сумен қамтамасыз ету жұмыстары басым тәртіппен қаржыландырылуы тиіс. Елді мекендердің ішінде су желілерін жүргізу жұмыстарын топтық су құбырларының инфрақұрылымын ауылдардың шекараларына дейін тарту жоспарларымен үйлестіру керек», — деді Премьер-министр.

https://t.me/KZgovernment

0
0
271

Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшысы болып ресми түрде тағайындалды

"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып Бағдат Мусин тағайындалды.Фото: tengrinews.kzБұл тағайындау жөнінде әлеуметтік желіде хабарланғанын бұрынырақ жазғанбыз. Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Екібастұзда дүниеге келген. 2004 жылы Сүлейман Демирел университетін «Компьютерлік технологияның бағдарламалық және аппараттық құралы» мамандандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қазақ заңтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген, мамандығы –«Заңгер».2004-2007 жж. - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарында IT -бөлімшелерін құру департаментінің бас инженері, бөлім бастығы, директордың орынбасары2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» респуб…

0
0
288

Астанада Құрбан айт күні қоғамдық көліктер тегін болады

16 маусым – Құрбан айт мерекесі күні елордадағы қоғамдық көліктермен жолаушылар ақы төлемей-ақ жүре алады.

undefined

Астана әкімдігінің шешімімен алдағы Құрбан айт мерекесінде қаланың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағыттары) жол жүру тегін болмақ. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Қоғамдық көліктердің жұмысы сағат 06:00 басталады.
Түнгі № 201, 202, 203 тағыттарында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады. Жолаушылар олардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады.

0
0
399

Тоқаев Тасмағамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады.Кездесуде Ұйымның Қазақстан төрағалығы кезеңіндегі негізгі міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның жарғылық жұмысында Ұйымға мүше барлық мемлекет үшін анағұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарға назар аудару қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, ақпараттық саладағы қылмыс секілді сын-қатерлерге қарсы күрес мәселесіне айрықша мән берген жөн.Президент өңірлік қауіпсіздікті нығайту мақсатында басқа да халықаралық құрылымдармен конструктивті ынтымақтастықты жолға қою маңызды екенін айтты.Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің былтыр қараша айында өткен сессиясында…

0
0
242