Алматыда блогер келіншек жігіттің кесірінен суицид жасады (видео)
Алматыда 27 жастағы блогер Айлуна Рахим өз-өзіне қол салды. Оның денесі 11 маусым күні кешке табылған.

Айлунаның құрбыларының айтуынша, ол бәріне бір жігітті кінәлайтын жазба қалдырыпты.
«Жазған хаттарының скриншоттары бар. Олардан ұрыс-керіс, үмітсіздік, қарым-қатынастағы қиындықтар байқалады», – дейді «Немолчиkz» қорындағылар.
Айлуна жетім өскен. Күйеуімен ажырасқан екен. Әлеуметтік желідегі соңғы жарияланымдарында күйеуінің ұрып-соққанын көрсетеді.
Марқұм келіншектің артында екі баласы қалды.



