Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

«Қазақфильм» киностудиясының басшысы Азамат Сатыбалды не бүлдіріп жүр?

Алматыда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының аумағында соңғы кездері қытайлық көліктердың қаптап тұрғаны журналистердің назарын аударып отыр.Бұл туралы әлеуметтік желіде бірінші болып киностудияның қызметкері, актер Қуандық Дүйсенбаев жазған. Оның айтуынша, мекеме аумағы автосалонға айналып барады. Расымен де бір маркалы қытай көліктері қаланың қақ ортасындағы «Қазақфильмнің» аумағында қаздай тізіліп тұр. Оған киностудия басшысы Азамат Сатыбалды рұқсат берген. Қуандық Дүйсенбаев осыған налып отыр. «Ер жігіт ер жігітті даттамайды, күндемейді. Мен Азамат Сатыбалдының артына түсіп алған азамат емеспін. Өзім осы киностудияда 12 жылдай қызмет етемін. Қазіргі киностудияның жағдайы мүшкіл болып тұр. Оған тікелей басшы кінәлі болады. Павильонның бағасын 250 пайызға көтеріп жіберді…

0
0
547

Алдағы жексенбіден бастап Қостанайдан Түркістанға әуе қатынасы ашылады

14 қаңтардан бастап Қостанайдан Түркістанға және кері әуе рейсі қатынайды. Билет бағасы бір бағытқа 27 000 теңге болмақ.

Фото: freepik.com

«Әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында QAZAQ AIR әуекомпаниясы 14 қаңтардан бастап Қостанай-Түркістан-Қостанай бағыты бойынша әуе рейсін іске қосады. Рейстер сейсенбі және жексенбі күндері, яғни аптасына 2 рет кесте бойынша орындалады.

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 27 000 теңгені құрайды. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік бар. Қол жүгін тасымалдау нормасы 5 келі болса, ауыр жүк ретінде болса 20 келі», - делінген компания сайтындағы хабарламада.

Ал ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару тегін болады.

flyqazaq.com

0
0
163

Қолма-қол ақша талап еткен сатушы немесе қызмет көрсетушіге не істеуге болады?

Қазір тұрғындардың зат сатып алуға немесе қызмет түріне төлемді ұялы телефонмен аударым арқылы жасауды жақсы меңгеріп алғаны белгілі. Енді олар төлем жасау барысында салық саласындағы соңғы жаңалыққа байланысты кедергіге тап болып жатыр.Фото: obk.kzЕлімізде мобильдік аударым арқылы төлем алудың санын шектейтін ереже енгізілгелі бері кәсіпкерлер тұрғындардан қолма-қол ақша талап етуге көше бастады.Бүгін Қаржы министрлігіндегілер мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді.Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, ҚР «Төлем және төлем жүйесі туралы» заңында төлем жасаудың түрлі тәсілдері қарастырылған. Ол бойынша тауар немесе қызмет түрі үшін банк картасымен, QR-кодпен немесе қолма-қол ақшамен төлей аласыз. Яғни осылардың қай жолымен болса да төлей беруге хақыңыз бар. Ал қолма-қол емес т…

0
0
352

Астанада қайталама нарықтағы баспана алты жылда алғаш рет арзандады

Елордада қайталама нарықтағы үй бағасы 2023 жылдың қаңтары мен желтоқсаны алалығындағы жылдық деңгей бойынша 5,3 пайыз төмендеген.Фото: tengrinews.kzҰлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, бағаның бұлай түсуі 2017 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.Зерттелген қалалардың арасында 2023 жылдың қорытындысы бойынша қайталама нарықтағы баспаналардың арзандауы тек Астанада ғана байқалды. Нақты желтоқсанды алсақ, баға алдыңғы жылға қарағанда 7,8 пайыз түскен. Бірақ бірнеше жыл бұрынғылармен салыстырғанда көбірек өскен. Мысалы, 2020 жылға қарағанда өсім 50 пайыз болып тұр.Ал енді жалпы елдегі жағдайға келсек, бастапқы нарықтағы үйлер 12 ай қорытындысы бойынша 6,7 пайыз, желтоқсанда алдыңғы жылдың осы айымен салыстырғанда 3,4 пайыз қымбаттады.Қайталама нарықтағы баспананы қарасақ, баға бір…

0
0
228

Алматы маңындағы ауыл қалаға айналатын болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.Онда Іле ауданындағы Жетіген ауылын Алатау қаласы етіп жасақтау көзделген."Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делі…

0
0
224

Құтқарушылар тұраққа бей-берекет қойылған көліктердің кесірінен өрт болған үйге жете алмай қиналды

От Астанадағы "Будапешт" көпқабатты тұрғын үй кешенінде төтанған. Ал оған төтеншеліктердің тез өтуіне тұрақтағы көліктер кедергі келтіріпті.Бұл жағдайды тұрғындар видеоға түсіріп алған. Онда видео авторы кадр сыртында «Көліктеріңді алсаңдаршы. Терезеден көрмей тұрсыңдар ма?» деп шыр-пыр болады.Ал Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 9 қаңтарда сағат 09:58-де астаналық құтқарушылардың Қабанбай батыр даңғылы, 59-үй пәтеріндегі өртті сөндіре бастағанын жеткізді."Өрт сөндірушілер келген кезде "Будапешт" тұрғын үй кешенінің 10-қабатындағы пәтерде ас үйде жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру кезінде астаналық өрт сөндірушілер көрші пәтерден 7 адамды құтқарды. Оның үшеуі – балалар. Өрт 10:32-де оқшауланып, 10:35-те жойылды", - дейді баспасөз қызметін…

0
0
196

«QAZAQ AIR» сатылымға қайта шығарылды

«Самұрық-Қазына» АҚ «QAZAQ AIR» әуе компаниясын екінші рет сатылымға шығарды.

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа ашық екі кезеңдік конкурс аясында «QAZAQ AIR» АҚ акцияларының 49-дан 100 пайызға дейін сату бойынша конкурс өткізу басталғанын хабарлайды. Бұған дейін, 2023 жылғы 13 қарашада «QAZAQ AIR» АҚ-ты жекешелендіру бойынша алғашқы ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылды», - деп жазылған «Самұрық-Қазына» сайтында.

Компанияны жекешелендірудегі басты мақсат – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар бәсекелестік нарығындағы квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету.

Конкурстың бірінші кезеңінде өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қаңтарда сағат 10:00-де аяқталады. Қорытындыны шығару 2024 жылғы 16 ақпанға белгіленген.

0
0
206

Енді соттар тұрғындарды үйінен уақытша шығарып жібере алады

Бұл қандай адамдарға қатысты болмақ? Қазір соны айтамыз.

Сурет: Info-zhilish.ru

Еліміздегі судьяларға тұрғындарды баспанасынан шығарып жіберу құқығы берілмек. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров мәлімдеді.

Ол заңдарға әйел мен бала құқығын қорғау және отбасы құндылықтарын арттыру бағытындағы түзетулер жайында айтты.

«Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру мен адам сабауды криминалға жатқызу жоспарланып отыр. Енді сотқа сондай құқық бұзған адамды үйінен уақытша шығарып жіберу құқығы беріледі. Оған Әлеуметтік бейімдеу орталығына барып, өз әрекеті жайында ойлану туралы ұсыныс та айтылады. Сондай-ақ, сот зорлықшыны психокоррекциялық курстан өтуге міндеттеуге де құқылы», – дейді Р.Зұлқайыров.

0
0
401

Жамбыл облысында әскерилердің қатысумен жаппай төбелес болды. Видеосы бар

Тұрғындар мен журналистер арасында болған қырғын төбелес видеоға түсіп қалған.

Фото (көрнекі): Uzreport.news

Бейнеролик әлеуметтік желіде (https://t.me/egovpress/5813 ) тарады. Оқиғаның Жамбыл облысындағы Отар ауылында болғаны айтылуда. Бұл деректі қорғаныс министрлігі растады.

«1 қаңтарда Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға салдарынан екі азамат дене жарақатын алған. Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардиялық гарнизонның келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бары анықталды», – делінген аталған министрліктің хабарламасында.

Бұл жағдай бойынша алты адам ұсталды. Олардың арасындағы екі әскери қызметші қамауға алынған. Өзге деректер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

0
0
186

Қыста иммунитетті қалай сақтауға болады?

Қыста денсаулыққа ерекше күтім қажет. Өйткені қатты суық пен вирустар адам ағзасына кері әсер етуі мүмкін.Фото:️ Tengrinews.kzУльтракүлгін сәуле жеткілікті болмаса, теріден D3 дәрумені бөлінбей қалады. Бұл дәрумен салмақты қалыпты деңгейде сақтап, май алмасуын реттеп отырады, теріні, шаш пен тырнақты дұрыс дамытады.Дәрігерлер денсаулығымыз бен көңіл-күйімізді суық күнде де бұзбайтын азық-түліктерді атап отыр. Олар, әрине, көкөністер. Солардың бірі – асжапырақ (шпинат). Онда С дәрумені жеткілікті. Сондай-ақ, асжапырақта иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін бета-каротин мен антиоксиданттар бар.Қыста керек келесі азық – әрине сарымсақ. Оның вирус пен бактерияға қарсы мықты қасиеттері бар. Сарымсақ суық тию, тұмауға шалдығу қаупін сейілтіп, иммунитетті арттырады.Бұл тұрғыда зімбірдіңде маңы…

0
0
152