Мазмұнға өту
saltusha_teleu

Салтанат Сүгір

@saltusha_teleu

Сайтта 2012 ж. 24 наурызКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

55

пікірлер

56

тіркелуші

12

жазылымдар

32

Шашыңыз шаршатқанда

Ұйқыдан ояна салысымен, айнаға қарағанда шашыңыз ұйпа-тұйпа болып, көңіл-күйіңізді жабырқата ма? Табиғи өңі өзгерген шашыңыз жылтырамай, саулығына зақым келген болса, кәдеге жарайтын мағлұматтарды қағаз бетіне түртіп алып, ой түйіңіз. 1. «Шашым-сәнім». Шашыңызды аптасына екі рет арнайы сусабынмен жуған соң, тері астындағы шашты қоректендіріп отыру үшін бальзам, майларды қолдануыңызға әбден болады. Сусабыныңызды екі айда бір рет ауыстырып тұрғаныңыз абзал. 2. Шаш бұрымын тарақтың көмегімен түбінен көтере кептіріп, фенді 10 сантиметрден кем тақатпаған жөн. 3. Қолаң шашты болсаңыз, ұшынан бастап тарай бастаңыз. 4. Шаштың ұшын екі айда қысқартып отыруды әдетке айналдыру керек. 5. Жылтырлығын орнына келтіру үшін мынадай масканы қолдануға кеңес береміз: Екі ас қасық түйеошаған майы (репейное ма…

1
0
541

55 мен 80 аралығындағы атақтылардың келбеті

Бибігүл Төлегенова, қазақтың бұлбұлы,

КСРО халық әртісі

86 жаста


Жастайынан даусымен тамсандырып келе жатқан опера әншісі әдемі қартаюдың үлгісін көрсетіп келеді.

Светлана Жалмағамбетова, саясаткер, қоғам

қайраткері

67 жаста


Жақсы қалыпта сақталғанын келбетінен-ақ аңғаруға әбден болады.

Нұржамал Үсенбаева, опера әншісі, Қазақстанның

халық артисті

57 жаста


Сұлулығының сыры "сабырлықта" дейді.

Гүлжан Қарақұсова, саясаткер, қоғам қайраткері

65 жаста

Майра Ілиясова, белгілі әнші, продюсер

59 жаста


Басты қағидасы - әдемі көріну үшін жан дүниесі көреалмаушылық қасиеттен  таза болғанды қалайды.

Майра Айсина, саясаткер, қоғам қайраткері

59 жаста

Табиғи шашы-қара.   Тамақты уақытылы ішуді қадағалайды.

Роза Рымбаева,  кеңестік және қазақ

эстрада әншісі

58 жаста



Сіздерге де әдемі қартаюды тілейміз!

2
0
593

Әйел бақыты деген не?

Сынаққа құрылған мына өмірде тағдырымызды тоз-топалаңға ұшыратып алмас үшін қарекет жасауға талпынамыз. Бақыттың түпкі тінін әркім шама-шарқынша шамалайды. Ес білгенімізден әжемізге, анамызға, әпке-сіңлілерімізге, құрбыларымызға әйел бақытын тілеген ақжарылқап ізгі ниеттерді естіп жатамыз. Шын мәнінде әйел бақыты деген не? Әйел бақыты – қосағыңмен бірге ағарып, ана деген аяулы сезімді өне бойыңнан сезіну. Заман ағымы жеке тұлға ретінде өзіңді қалыптастыруға ат салыса отырып, сүйікті ісімен де шұғылдануды талап етеді. «Әйел бақыты» бағдарламасы екі жыл бойы әр адамның тағдырына бей-жай қарамауды насихаттап келеді. Жаңа маусымда көрерменді елең еткізетін әсерлі оқиғалар, көңілге қонымды тұщымды жауаптар, кәдеге жарататын пайдалы кеңестер орын алады деп күтілуде. Ерекшелігі – деректі драмала…

2
0
3245

Қыздардың жүрісі туралы аз-кем жазғаным...Жүріс атаулары қалай екен?

Қыздың қылықты жүрісі қай жүріс? Аяғын алшаң басып, биік өкшемен әрбір қадамын әзер басқан бойжеткен омақаса құлады. Кенеттен аяқ киімі сыр бергеннен емес, керги басқан қадамы өзгергеннен тайып кетті. Санасында «ешкім маған күлмесе екен» деген ой қылаң беріп, жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мұндай кейіптің түндігі бізге де таныс, дегенмен ойланып қарасақ жүрген жүрісімізге мән беруден қалып барады екенбіз. Тінтуірмен интернет беттерін тінтіп жіберсеңіз, батыс көзғарасындағы жүріс түрлерінің тұтас қаусырып алғанына қанық бола түсесіз. Там-тұмдап қалған тар түсінікпен әдемі жүріске үйрететін арнайы сабақтар жетерлік. Мына сұмдық терапияға назар аударыңыз: «Құрбыларыңызбен бірге жүргенде, жол-жөнекей ер кісіні кезіктіре қалдыңыз делік. Құрбыңыздың жүрісін өзгерткенін байқадыңыз ба? Психологта…

1
0
1644

Қазақ комментатор қыздарынан кімдерді білесіздер? Енді қадам басқан Индира Бектенованы ерекше айтар едім

Қазақ комментаторлары туралы сын көп. Комментатор қыздар жоқ деуге болады. Қалай «қорықпай» келдіңіз?– Спорт журналистикасы саласында қызмет істеп жүргеніме біраз болды. «Kazsport» телеарнасы ашылғалы бері өзімді комментаторлық қырымнан байқап жатырмын. Көркем гимнастика шебері Әлия Юсуповамен бірге алғаш рет горнитураны құлағыма киіп, комментатор қызметінде өзімді сынап көрдім. Волейбол, ескек есу, ауыр атлетика көрсетілімдерін жүргіздім. Қазір іздену үстіндемін. Оған қоса Ұлттық арнада спорт жаңалықтарын жүргіземін. Берілген 3 минуттың ішінде көрермендерге нақты деректі айтып шығасың. Тележүргізуші болу бір бөлек, ал комментатор болу мүлдем басқа. Үш сағатқа дейін созылатын көрсетілімдер болғанда, қатарынан екі-үш ойынға комментарий жасаған кезде қиынға соғады.– Каратэден еліміздің чемп…

0
0
1015

Әшекей бұйымдарды эстетика тұрғысынан таңдайсыз ба? Бұл туралы Зергер Болат Атыраубаев не дейді екен?

Қолөнеріміздің салтын суалтпай келе жатқан зергерлеріміздің бірісіз. Бұл салаға қалай келдіңіз?– Бастапқыда портрет салып, гобелен тоқып жүрдім. Қазір басы бүтін зергерлікке ден қойдым. Атамнан қалған мирас өнерді үкілеп келе жатқан жайым бар.– Сақ дәуірінен сыр шертетін құнды жәдігерлердің дәрежесіне әлі күнге дейін жете алмай келе жатқанымыз анық. Өзіндік стиль қалыптастырдыңыз ба?– Дұрыс айтасыз, зергерлік өнер сақ дәуірінде өте жоғары деңгейде болды. Қазіргідей газ құрылғылары жоқ болса да, сол кезгі зергерлер ағаш, көмірді пайдаланып-ақ тамаша туындылар тудырды. Көне дәстүр құндылығының тарихы классикада жатыр. Қазақтың зергерлік өнері XVIII-XX ғасырларда дамыған. Өкінішке қарай, Кеңес одағының ықпалына енген соң ұлттық танымымыздан айырылып, ата-бабамыздан қалған өнер сабақтастығы ү…

1
0
2147

«Меломен» тобының әншісі Жігер Ауыпбаев күнделік жазып, ән, өлең шығарады екен...Тіпті спортпен де айналысады. Қарап шығыңыздар!

Жуырда «Үш дос» деген әніңіз жарық көрді. Адамға серік болар дос жөнінде айта кетсеңіз...– Бұл әннің мағынасы өте тереңде жатыр. Адамның тіршілігінде үш дос болады екен. Біріншісі – туған-туысқандары, жора-жолдастары, жары, бала-шағасы болса, екіншісі – мал-мүлкі, атақ-даңқ. Ал ең қайырлысы – иманы, бұл дүниеде жасаған амалдары. Қас-қағым келте дәурен өте шығады. Жанымыз тәнімізден бөлінгенде алдыңғы екі дос емес, соңғысы бірге еріп баратынын санаға берік орнатады. Арман Бердалиннің жинақтарын қарап отырғанымда, осы өлең жүрегіме жылы тиді. Делебем қозып, денем түршікті. Ыңылдап отырып, өздігінен ән туындай кетті. Жолдастарыма осы әнді орындап бергенімде, көздерінен жас ыршып түсті.– Тағы қандай ән жаздыңыз?– «Меломен» тобы құрылғанда қай-қайсымыздың да жеке шығармашылықпен айналысу ойымы…

0
0
3526