Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәндегі жасанды таңба

Ал, сіз білесіз бе? 6 мың жыл бұрын пайда болған денеге шұра салу ру-тайпалардың белгісі саналған. Сондай-ақ, ежелгі адамдар аңдарды қорқыту үшін арнайы боянып алатын болған.

Сенесіздер ме, ХVІІІ ғасырға дейін Еуропада татуировкаға тыйым салынып келіпті. Египетте, Қытайда, Жапонияда, Мексика мен Никарагуада масқаралау үшін таңбалаған.

Қазақта «сүйекке таңба болып басылды», «жүзі қара» деген қарғыс сөздер қаратпаға айналып бара жатқаны өкінішті. Арнайы белгілерді малға ғана енгізген апаларымыздың өзі бүгінде қастарын сыздырып алған.

Қолжетімді болғаны соншалық, екінің бірінде жасанды кірпік, жасанды қас. Таңба түскен тәнін көрсетіп жүру үшін жеңіл киінуге әуес болып барады. Қала берді құлағы, мұрны, кіндігі, тіпті тіліне пирсинг жасатып алатындарды көріп, жаға ұстамайтын болдық.

Көтерілген мәселенің анық-қанығын білу мақсатында денеге түрлі таңбаларды салатын маманға хабарласып көрген едік.

«Денеге сурет салудың бағасы мөлшерге байланысты. 5000 теңгеден басталып, 100 мыңға дейін барады»,-дейді Олег Нам. Денеге сырға салдырудың бағасы 2500 теңгеден 12000 теңгеге дейінгі аралықта екенін ақпарат көздерінен анықтап білдік.

Татуировканы әдетте түрмедегілер денесіне салынған суреттер арқылы дәрежесін анықтаған. Мынаны қараңыз, кеудеге салынған қанатты періштелер суреті – қылмыскердің кәнігі, кәсіби екендігін көрсетеді.

Денеге салынған күмбездер саны ол адамның қанша рет сотталғандығын айғақтаса, жұмыртқа қабығының ішінде тұрған еркек пен жалаңаш әйел бұзақының әйелге қатысты сотталғандығын білдіреді екен.

Әлемде сәннің бәрін атақтылар танытады. Есімі жастардың санасында жатталған жұлдыздардың көбісінің келбеті жасандылыққа құрылған. Мысалға алар болсақ, жылдам сөйлейтін қасиетімен дараланған Тина Канделаки сол қолын күйдіріп алғаннан кейін, жарық пен космос энергиясының тылсым белгісін сыздырып алған.

Анжелина Джолидің бойында оннан астам татуировка бар. Арабша оң қол білегінде «алға ұмтылу», қытайлық симметрия иероглифі сол қолында «батылдық», анасының құрметіне «М», арқасында бенгал тигрі бейнеленген. Денедегі суреттің де сыры бар екен. Қанша десек те, осы ақпаратпен құлақтанып өсіп келе жатқан жасөспірімдер бой түзеймін деп түрлі әрекетке бару үстінде.

Артық қыламын деп, бүлдіріп алғандардың сан соғып отырғандары да жеткілікті. Бірер мысал келтіре кетсек:

*«Сұлулық құрбандықты талап етеді» деп, артық кетіп жатқандар баршылық. 40 жасар Светлана Ильина қабағы мен қасына татуаж жасатпақ болып, көру қабілетін жоғалтып алған.

*15 мың доллар жұмсаған тайландтық 18 жасар Апхирак есімді жігітке 16 рет пластикалық операция жасалыныпты. Қайткен күнде де денсаулығына ақау түсетіні анық.

* Қытайда күйеуі әйелін сотқа берген. 120 000 доллар өтеуді талап етіп отыр. Себебі, балаларының келбеті ешкімге ұқсамаған. ДНҚ арқылы тексергенде, әйелі тұрмысқа шықпай тұрғанында операция жасатып, келбетін өзгерткен. Кейіннен балалары әйелдің бастапқы келбетіне ұқсап шыға келген.

Осы тұста Ақын Алмас Темірбай «Жасанды әйел» өлеңі қоғамның сыздап тұрған жарасының «диагнозын» тауып айтқан. Әсілі, бұдан артық айту ағаттық болар.

«Шүлдірлеген әр тілде тілің қандай жасанды, 
Еліктеген әркімге түрің қандай жасанды... 
Бетіңдегі бояуды-ай, ұн жаққандай жасанды, 
Жалғап алған сояудай тырнақ қандай жасанды...».

Салтанат Сүгір

1
0
1014

Осы тақырып бойынша

Тәндегі жасанды таңба - Yvision.kz