📷«Құқықтық көмек»
📷«Құқықтық көмек»: аудандық партия филиалында ақысыз көмек көрсету жұмысы жалғасып жатыр
📷«AMANAT»-тың Панфилов аудандық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтті. Кездесуге келген тұрғындар түрлі мәселе бойынша партиялықтардан көмек сұрады.
Олардың арасында алаяққа алданған, қарызға белшеден батқан, алимент ала алмаған, баспанасынан айрылып, жер дауын көтерген азаматтар да болды. Өз кезегінде, аудандық Әділет басқармасы басшысының у.м.а. және заң сарапшылары, кәсіби заңгерлер мен адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен медиаторлар тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, заңгерлік көмек көрсетті.

