"Ақының өзі өлсе де,сөзі өлмейді"атты кітап көрме
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Қырыққұдық ауылдық кітапханасында Қазақтың халық ақыны,Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты,ҚР парламенті мәжілісінің І және ІІ шақырылымының депудаты,қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 82 жыл толуына орай "Ақының өзі өлсе де,сөзі өлмейді"атты кітап көрме ұйымдастырылып,"Жыры мір, өзі жұмбақ" тақырыбында "Болашақ" клуб мүшелерімен жыр сағаты өтті. Мақсаты:ақынның өмірбаянымен таныстырып,шығармаларын жасұрпаққа насихаттау.Жаркент орта мектебінің 5а сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаленова Жұлдыз Тұрлығазықызы өмірбаянымен таныстырып өтті.
#Ұлттықмұра
