Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Әр өлеңі- бір әлем" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жыр перзенті атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай аудандық кітапханада "Әр өлеңі- бір әлем" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме үш бөлімнен тұрады. "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты бірінші бөлімінде Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны, "Бүгін менің туған күнім ой бәле-ай" атты өлеңі, Алматы қаласы, "Алатау" баспасынан жарық көрген Ақбар Мәжитұлының үш тілде басылған кітабы, М. Мақатаев "Өнер" баспасынан жарық көрген кітап-альбомы, Алматы қаласы "Жалын" баспасынан жарық көрген Мұқағали шығармалары атты көптомды шығармалары қойылды. "Қазақ поэзиясының Хантәңірі" атты екінші бөлімінде М. Мақатаевтың көптомдық шығармаларымен қатар "Өмірдастан" таңдамалы өлеңдері мен поэмалары қойылған. "Мұқым елдің мұзбалағы" атты үшінші бөлімінде "Мұқағалитану бастауы" атты көптомдық шығармасы және Мұқағали журналы т. б ақын жайлы материалдармен толықтырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

0
0
453

Осы тақырып бойынша