Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Жерге кіріп кеткен автобуста болған адамдардың құжаттары табылды

Ойық түбіне түсірілген шағын экскаватор жер қазу жұмыстары барысында автобустың шанақ бөлігін тапты. Сондай-ақ топырақ арасынан құтқарушылардың жолсапар журналы мен жұмыс құжаттары салынған сөмке шыққан.Фото: Валерий БугаевОқиға орнында құрылған жедел штаб өкілдері хабарлағандай, бүгін сағат 14.45-те «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылған шұңқырдың түбіне шағын көлемді экскаватор түсірілді.​Техника шұңқырдың бүйір қабырғалары құлау қаупін ескере отырып, жер қазу жұмыстарын аса сақтықпен жүргізген."Жұмыстарды жүргізу кезінде ішінде жұмыс құжаттары мен жолсапар журналы бар құтқарушылар сөмкесі, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлігі табылды. Іздестіру әлі де жалғасуда. Автобустың болжамды орналасқан жеріне дейінгі топырақ қазып қазып алынған соң, экскаватордың жұ…

0
0
213

Білім мекемелеріндегі педагог емес қызметкерлердің де жалақысы әжептәуір өсетін болды

2025 жылы білім беру ұйымдарының педагог емес қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға артады. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігіндегілер хабарлады.«Мемлекет басшысы мен ел Үкіметі бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мәселесіне үнемі ерекше назар аударады. Бюджет саласының қызметкерлерінің, оның ішінде педагогтердің жалақысы бірнеше рет (2001 жылы — 30, 2002 жылы — 35, 2004 жылы — 20, 2006 жылы — 32, 2007 жылы — 30, 2008 жылы — 8, 2009 жылы — 25, 2010 жылы — 25, 2011 жылы — 30, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап — 10, 2016 жылы шамамен — 11, 2019 жылы шамамен 50 пайызға) көтерілді. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, 2020-2023 жылдары кезеңінде педагогтердің жалақысы екі есеге (2020 жылы — 25 (2019 жылғы базаға қарағанда), 2…

0
0
152

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жалпы құны 8 млрд доллардан асатын 48 жобаны іске асырған

Премьер-министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті.Тараптар экономиканы дамыту, цифрландыруды енгізу, қоршаған ортаны қорғау және тағыбасқа салалар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Үкімет басшысы 30 жылдық серіктестік барысында елімізде жалпы сомасы 8 миллиард доллардан асатын 48 бірлескен жобаның сәтті іске асырылғанын атап өтті. Бүгінде 6 жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда.Оның сөзінше, Дүниежүзілік банкпен серіктестік инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған. 20 жылдан астам сәтті жүзеге асырылып жатқан Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы оның айқын мысалы болып табылады.«Қазақстан Үкіметі Дүниежүзіл…

0
0
122

35 жасқа дейін баспана алып қалуға әрекеттеніңіз

Биыл жастарды тұрғын үймен қамту бағдарламасына бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінді. Осылайша, елімізде жеңілдетілген ипотекалық несие беру бойынша жастар бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады.2024 жылы бұл жобаны Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында іске қосу жоспарланған.Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын «Отбасы банкі» АҚ Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен облыс және қала әкімдіктерімен бірлесе жүзеге асырады.«Бағдарламаларға 35 жасқа дейінгі әлеуметтік сала, БАҚ, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері қатыса алады. Әр аймақтағы кәсіптер тізбесін…

0
0
130

Бүгін Астанада аяз болады, бес қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады

«Қазгидромет» еліміз бойынша 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады.

Бүгін ең суық ауа райы Астанада болады деп күтіліп отыр. Мұнда күндіз 22-24 градус аяз болмақ. Қар жаумайды, жел бар.

Ал Алматы мен Шымкентте күндіз 0-2 градус суық. Оңтүстік астанада тұман, көк тайғақ болады. Үшінші мегаполисте әлсін-әлсін қар жауып, тұман түседі.

Жалпы, еліміздегі қалалардың басым бөлігінде метеожағдай жақсарады. Ол тек Астана, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Павлодар қалаларында жайсыз болмақ.

Жайсыз метеожағдайға қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар (тымық күн, әлсіз жел, тұман, иверсия) алып келеді. Яғни осылардың салдарынан ауаның жерге жақын қабаты ластанады.

Фото: egemen.kz

0
0
158

Павлодарда бір қызық тағайындау болды

Жемқорлық дауымен орнынан кеткен Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Ержан Иманзайыпов жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Оны жаңа қызметке тағайындау туралы өкімге аймақ басшысы қол қойған. Қызығы осы болып тұр. Өйткені 2023 жылғы қыркүйекте сол Павлодар облысы әкімінің өкімімен Иманзайыпов әкім қызметінен кеткен болатын. Мұның алдында қарамағындағы қызметкерлерге қатысты жемқорлық дауы болған еді.

Айта кетейік, 2017 жылы Иманзайыпов бұл ведомствоны басқарған. Былтыр қыркүйекте Павлодар әкімі қызметінен босатылғаннан кейін Иманзайыпов облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарған болатын.

0
0
182

Самат Әбішке қатысты іс сотқа жіберілді

Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды.

Бас прокуратура мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты іс сотқа жолданған.

Еске салайық, мұның алдында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.

kaz.tengrinews.kz

0
0
348

Тайваньда енді не болмақ?

Тайвань халқы күні кеше өз президентін сайлап алды. Әлемнің түрлі елдеріндегі жоғарғы билік өкілдері сайлауда жеңіп шыққан Лай Циндэні құттықтап та тастады.

Бірақ ресми Бейжің бұны, әрине, үй ішінен үй тігу деп қабылдайды. Өйткені Тайвань Қытай құрамындағы аймақ болып саналады. Соған қарамастан кейбір елдердің (әсіресе, батыстағылар) оны қолдап отырған жайы бар.

Ал өз елімізге келсек, Қазақстанның бұл тұрғыдағы ұстанымы айқын. Ресми Астана «бір Қытай» ұстанымын қолдайды әрі Тайваньды ҚХР-дың ажырамас бөлігі деп санайды.

Сонымен қатар Қазақстан Қытай Халық Республикасы үкіметінің елдің бейбіт түрде қайта қауышуына күш салғанын қолдайды.

Ал енді президентін сайлап алған Тайваньға не болатынын уақыт көрсетеді.

0
0
193

Бүгін кей өңірлердегі мектептерде сабақ қалай өтетіні айтылды

Бүгін жұмыс пен мектептегі оқудың кезекті аптасы басталды. Ал елімізде ауа райы суый түсуде. Осыған байланысты кей өңірлердегі мектептер қашықтан оқытуға көшкен.Фото: egemen.kzАстанада 15 қаңтарда 0-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары қашықтан оқиды.Көкшетауда бүгін 1-ден 9-сыныпқа дейінгілердің сабағы онлайн форматқа көшірілген. Мұнда да бұл бірінші ауысымға қатысты. Көкшетауда -25 градусқа дейін аяз болып тұр. Желдің жылдамдығы секундына 28 метр.Ақтөбе облысында 15 қаңтарда 1-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары Ақтөбенің өзі мен көптеген өңірлерде қашықтан оқиды. Ол өңірлер - Әйтекеби, Алға, Темір, Қобда, Қарғалы, Байғанин және Хромтау аудандары.Өскеменде де бүгін 0-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары онлайн оқиды.Ал Қарағандыда мұндай оқу форматына бірінші ауысымда…

0
0
157

Елімізде бүгінгі ауа райы құбылмалы болады

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 14 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

24.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, республиканың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек батыста күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел тұрады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында екпіні 30 м/с күшті жел болады.

kaz.inform.kz

0
0
133