Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиғаны үшін жазаланған имам туралы не білеміз?

Астанадағы республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырминнің жақсы адам екені айтыла бастады.

undefined 

Ал кеше кезінде экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның марқұм әйелі Салтанат Нүкенованың некесін қиған Қанат Қыдырминді ҚМДБ жазалағаны туралы ақпарат тараған еді.  

Олардың некесін қию рәсімі 2022 жылы 17 қазанда аталған мешітте өткен. Сол кезде имам жас жұбайлардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәліктерін сұрағанда, Бишімбаев пен Нүкенова «әлі жасалып жатыр» деп жауап берген.

«Олар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген. Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіттің имамы Қ.Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды», - деп жазады әлеуметтік желіде мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Қанат Қыдырмин бұрын Ақмола облысының бас имамы, Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеген. Сондай-ақ ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметін атқарған.

2017 жылы Көкшетаудан Астанаға көшер кезінде оған жергілікті кәсіпкерлер Toyota Camry автокөлігін сыйлапты. Ал Қанат Қыдырмин ол көлікті күйеуі қайтыс болып, жеті баласын жалғыз өзі асырап отырған әрі жалдамалы пәтерде тұратын әйелге беріп кеткен.    

0
0
348

Осы тақырып бойынша

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиғаны үшін... - Yvision.kz