Мазмұнға өту
Обложка сообщества Шынықсаң, шымыр боларсың

Рыбакина жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен сайысқа түседі

Елена Рыбакина алғаш рет Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.
undefined
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, Италия өкілі Ясмин Паолинимен кездесті.
Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет тоқайласып, соның екеуінде италиялық спортшының жолы болған.
Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті.
Екіншісінде Паолини қарымта қайырды - 7:5.
Соңғы, шешуші сетте Рыбакина жеңісті жұлып алды - 6:3.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт мәрте чемпионы, поляк қызы Ига Швентекпен кездеседі.

https://t.me/RRaketkasi

0
0
340

Осы тақырып бойынша

Рыбакина жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы Ига... - Yvision.kz