Мазмұнға өту
ndk

ndk

Сайтта 2020 ж. 8 шілде

https://www.facebook.com/DelphiKazakhstan/

рейтинг

100

жазбалар

22

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

«Менің елім – құс мекені» байқауының ЕРЕЖЕСІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

«Менің елім - құс мекені» байқауы Қорғалжын экологиялық обсерваториясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Дельфий Комитетінің қатысуымен өткізіледі.

Аталмыш байқау балалар мен жастарды экологияны сүюге тәрбиелеу мақсатында, шығармашыл жастардың дағдылары мен биологиялық алуантүрлілігін, Қорғалжын ауданының табиғи байлықтарын насихаттау мен дамыту мақсатында өтеді.

БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Байқауға қатысу үшін Ақмола облысы, Қорғалжын ауданының мектеп оқушылары шақырылады.

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

Байқау 2021 жылдың 1 мамырынан – 1 маусым аралығында өткізіледі. Байқау қатысушыларының жұмыстары 5 мамырдан – 30 мамыр аралығында қабылданады. Қазылар алқасының бағалауы мен жеңімпаздарды анықтау және марапаттау рәсімі 2021 жылдың1-маусым күні жүзеге асырылады.

РЕГЛАМЕНТТІК ҚҰЖАТТАР

Осы байқау ережесі байқаудың өткізу тәртібі мен шартын анықтайтын негізгі құжат болып есептеледі. Байқауға қатысу қатысушының барлық талаптар мен ережені қабылдағанын білдіреді.

БАЙҚАУ ТАЛАПТАРЫ:

Байқау қатысушысы өз еркімен құс үйін/құс ұясын дайындайды. (одан әрі – өнім мәтін бойынша) ұйымдастырушы ұсынған құс үйінің үш түрінің бірі болады.

Өнім ағаштан жасалынуы керек, маймен боялған, акрил бояуы ашық түсті, құстардың нақты ұялауы үшін қолайлы мөлшерде болуы керек. Өнімге қатысушының аты-жөні, жасы, тұрғылықты жері және телефон нөмірі көрсетілген тақтайшаны бекіту қажет. Жасалған жұмысты Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 39 мекен-жайы бойынша байқаудың ұйымдастыру комитетіне жұмыс күндері сағат 10: 00-ден 18: 00-ге дейін жеткізуі керек.

Өнімді дайындау процесін m4 форматындағы сапалы бейнеде түсірілуі керек (мобильдівидео түсірілім), онда қатысушы өзін таныстырады: аты-жөні, жасы, мектебі, конкурстың атауы және өнімді дайындау процесін сипаттайды.

Бейнені [email protected] электронды мекен-жайына«Конкурс» белгісімен жіберу керек. Бейнеқосымшалар Қорғалжын экологиялық обсерваториясының ресми аккаунтында орналастырылады, онда пайдаланушылар қатысушыға дауыс бере алады.

Екі талап орындалған жағдайда ғана- өніммен бейне қосымшаны ұсыну арқылы қатысушы тіркеліп, байқауға қатыса алады.

Қатысу туралы сұрақтар: 8 716372-19-50 телефоны және [email protected]поштасы арқылы.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын Ұлттық Дельфий Комитетінің қазылар алқасының құрамы, мәдениет қайраткерлері, Қорғалжын экологиялық обсерваториясының қызметкерлері бағалайды. Байқау қорытындысы бойынша1,2,3 орын жеңімпаздар иелері анықталады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар Байқаудың әлеуметтік желілерінде қатысушының бейнежазбасынан ең көп қаралым алған көпшілік дауыс беру жеңімпазын анықтайды.

СЫЙЛЫҚ ҚОРЫ

Барлық қатысушылар қатысушы сертификаттарымен марапатталады.

1-орын иегері 1-дәрежелі дипломмен және30000 (отыз мың) теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.

2-орын иегері 2-дәрежелі дипломмен және20000 (жиырма мың) теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.

3 орын иегері 3 дәрежелі дипломмен және 10000 (он мың) теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Көпшілік дауыс берген жеңімпазға бағалы сыйлық беріледі.

Қосымша сыйлықтар қазылар алқасының шешімі бойынша белгіленуі мүмкін.

ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ

_____________________________________________

ПОЛОЖЕНИЕ

о конкурсе «Менің елім - құс мекені»

ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

Конкурс «МЕНІҢ ЕЛІМ - ҚҰС МЕКЕНІ» организован и проводится Коргалжынской экологической обсерваторией при участии Национального Дельфийского Комитета Республики Казахстан.

Настоящий конкурс проводится с целью экологического воспитания детей и молодежи, развития творческих навыков и популяризации биологического разнообразия и богатства Коргалжынского района.

УЧАСТНИКИ КОНКУРСА

К участию приглашаются школьники Коргалжынского района Акмолинской области.

СРОКИ И МЕСТО ПРОВЕДЕНИЯ

Конкурс проводится в период 1 мая-1 июня 2021 года. Прием конкурсных работ участников осуществляется с 5 мая по 30 мая 2021 года, оценка жюри, определение победителя и Церемония награждения состоится 1 июня 2021 года.

РЕГЛАМЕНТИРУЮЩИЕ ДОКУМЕНТЫ

Данное положение является основным документом, определяющим порядок и условия проведения Конкурса. Участие в Конкурсе означает полное и безусловное принятие данного Положения участниками.

КОНКУРСНЫЕ ТРЕБОВАНИЯ

Участник Конкурса самостоятельно изготавливает скворечник/кормушку для птиц (далее по тексту-Изделие) одного из трех предложенных организатором типов птичьих домов.

Изделие должно быть изготовлено из дерева, окрашена масляной, акриловой краской яркого цвета, размером, пригодным для реального гнездования птиц. К изделию приложить табличку с указанием ФИО, возраста, адреса проживания и телефона участника. Изделие необходимо доставить в организационный комитет Конкурса по адресу: Акмолинская область, Коргалжынский район, с.Коргалжын, ул.Абая, 39, с 10:00 до 18:00 ч., в будние дни.

Процесс изготовления изделия необходимо заснять на видео хорошего качества (мобильная съемка) в формате m4, где участник представляется: ФИО, возраст, школа, наименование конкурса и описывает процесс изготовления.

Видео необходимо выслать на электорннуюпочту: [email protected] с пометкой «Конкурс». Видео заявки будут размещены на официальном аккаунте Коргалжынской экологической обсерватории, где пользователи смогут проголосовать за участника.

Только при выполнении двух требований – предоставлении изделия и видеозаявки, участник регистрируется и участвует в Конкурсе.

Вопросы по участию по тел: 8 71637 2 19 50 и на почту:[email protected]

ЖЮРИ

Оценивать работы конкурсантов будут члены Национального Дельфийского жюри, деятели культуры, сотрудники Коргалжынской экологической обсерватории. По итогам конкурса будут определены победители – обладатели 1,2,3 места. Также Организаторы определят победителя народного голосования, набравшего большее количество просмотров видео участника в социальных сетях Конкурса.

ПРИЗОВОЙ ФОНД

Всем участникам будут вручены сертификаты участников.

Обладателю 1 места будет вручен диплом 1 степени и денежный приз в 30 000 (тридцать тысяч) тенге.

Обладателю 2 места будет вручен диплом 2 степени и денежный приз в 20 000 (двадцать тысяч) тенге.

Обладателю 3 места будет вручен диплом 3 степени и денежный приз в 10 000 (десять тысяч) тенге.

Победитель народного голосования будет награжден ценным подарком.

По решению жюри могут быть учреждены дополнительные призы.

Организационный Комитет

0
0
659

Дене шынықтыру оқытушылары арасындаспорттық жаттығулар конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Дене шынықтыру оқытушылары арасындағы спорттық жаттығулар конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) «Fitness Park KZ» дене шынықтыру және спортты ілгерілету бағдарламасы мен әдістемесін (бұдан әрі – Бағдарлама) насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен және «World Class» фитнес клубтар желісімен әріптестікте Ұлттық Дельфий комитеті жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі «Fitness Park KZ» жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша «Fitness Park KZ» жобасы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның гранты аясында жүзеге асырылады.

Конкурстың міндеттері – жас талантты дене шынықтыру оқытушыларын анықтау және марапаттау, дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби өзін-өзі дамытуына ықпал ету және жастарды бұқаралық спортпен айналысуға тарту.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

Қатысуға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және спорт мектептерінің, ТжКБ мекемелерінің, ЖОО-ның дене шынықтыру пәнінің оқытушылары шақырылады.

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

Конкурс 2021 жылғы 20 сәуір мен 30 маусым аралығында интернет желісінде онлайн форматта өткізіледі. Қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қабылдау 2021 жылғы 25 сәуір мен 25 маусым аралығында жүзеге асырылады, қазылар алқасының бағалауы және жеңімпазды анықтау 2021 жылғы 30 маусымда өтеді.

РЕТТЕУШІ ҚҰЖАТТАР

Осы ереже конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайтын негізгі құжат болып табылады. «Fitness Park KZ» дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасының құжаты конкурстық талаптарды реттейді. Қатысушылардың конкурсқа қатысуы осы ережені толық және сөзсіз қабылдауын білдіреді.

КОНКУРСТЫҚ ТАЛАПТАР

Конкурсқа қатысушы «Fitness Park KZ» дене шынықтыру және спортты ілгерілету бағдарламасының әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жаттығулар кешенінің негізгі бөлігін сарапшылар әзірлеген бағдарлама элементтерін кешенде пайдалана отырып дербес әзірлейді (Бағдарлама мен жаттығулар жобаның @fitnesspark_2021ресми аккаунттарында орналастырылған). Қатысушы бейне сабақты жазып, оны әлеуметтік желілерде #fitnesspark_baikau хэштегімен жариялайды.

Бейне жаттығулар жиынтығы mp4 (мобильді түсірілім), сапалы және дыбыстық форматта жазылады. Музыкалық безендіру құпталады.

Бейне жаттығудың құрылымы:

1. қатысушыны таныстыру (аты-жөні, жұмыс орны, еңбек өтілі, жасы);

2. жаттығулар кешені туралы қысқаша ақпарат (жаттығу түрі, мақсатты аудитория, кешенді құру тізбегі, ағзаға әсері);

3. жаттығулар кешенін көрсету (автордың әр жаттығуды орындау кезектілігінің сипаттамасы).

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын дене шынықтыру және спорт саласына тартылған сарапшылар қатарынан «Fitness Park KZ» дене шынықтыру және спортты ілгерілету бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеушілер бағалайтын болады. Байқау қорытындысы бойынша 1,2,3 орын иегерлері анықталады. Сондай-ақ ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде көп қаралған жаттығулардың бейне кешеніне халықтық дауыс беруде басым түскен жеңімпазды анықтайды.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен (сертификаттар/спорттық құрал-жабдық және біліктілікті арттыру курсының сертификатымен марапатталады, сондай-ақ жобаның бұқаралық іс-шараларына қатысуға шақырылады.

Ұйымдастыру комитеті

_____________________________________________

ПОЛОЖЕНИЕ

о проведении конкурса спортивных тренировок среди преподавателей физической культуры

ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

Конкурс спортивных тренировок среди преподавателей физической культуры (далее-Конкурс) проводится в рамках реализации проекта «Fitness Park KZ» по формированию здорового образа жизни среди молодежи Национальным Дельфийским Комитетом в партнерстве с Национальным научно-практическим центром физической культуры Министерства образования и науки Республики Казахстан и сети фитнес клубов «World Class» с целью популяризации Программы и методики продвижения физической культуры и спорта «Fitness Park KZ»(далее-Программа).

Проект «Fitness Park KZ» по формированию здорового образа жизни среди молодежи реализуется в рамках гранта НАО «Центр поддержки гражданских инициатив».

Задачами Конкурса является выявление и поощрение талантливых молодых преподавателей физической культуры, содействие в профессиональной самореализации преподавателей физической культуры и привлечение молодежи к занятиям массовым спортом.

УЧАСТНИКИ КОНКУРСА

К участию приглашаются преподаватели физической культуры общеобразовательных и спортивных школ, учреждений ТиПО, ВУЗов Республики Казахстан.

СРОКИ И МЕСТО ПРОВЕДЕНИЯ

Конкурс проводится в период 20 апреля – 30 июня 2021 года, в формате онлайн в сети интернет. Прием конкурсных заявок участников осуществляется с 25 апреля по 25 июня 2021 года, оценка жюри и определение победителя состоится 30 июня 2021 года.

РЕГЛАМЕНТИРУЮЩИЕ ДОКУМЕНТЫ

Данное положение является основным документом, определяющим порядок и условия проведения Конкурса. Документом, регламентирующим конкурсные требования, является Программа продвижения физической культуры и спорта «Fitness Park KZ». Участие в Конкурсе означает полное и безусловное принятие данного Положения участниками.

КОНКУРСНЫЕ ТРЕБОВАНИЯ

Участник Конкурса самостоятельно разрабатывает основную часть комплекса упражнений согласно методическим рекомендациям Программы продвижения физической культуры и спорта «Fitness Park KZ», используя в комплексе элементы разминки, разработанной экспертами программы (программа и разминка размещены на официальных аккаунтах Проекта @fitnesspark_2021). Далее участник записывает видеозанятие и публикует его в социальных сетях под хэштегом #fitnesspark_baikau.

Видеокомплекс упражнений записывается в формате mp4 (мобильная съемка), хорошего качества и звука. Музыкальное оформление приветствуется.

Структура видеозанятия:

1. представление участника (ФИО, место работы, стаж, возраст);

2. краткая информация о комплексе упражнений (вид тренинга, целевая аудитория, последовательность построения комплекса, воздействие на организм);

3. демонстрация комплекса упражнений (описание последовательности выполнения каждого упражнения автором).

ЖЮРИ

Оценивать работы конкурсантов будут разработчики Программы и методики продвижения физической культуры и спорта «Fitness Park KZ» из числа привлеченных экспертов сферы физической культуры и спорта. По итогам конкурса будут определены победители – обладатели 1,2,3 места. Также Организаторы определят победителя народного голосования, набравшего большее количество просмотров видеокомплекса упражнений в социальных сетях.

Победители будут награждены ценными призами (сертификаты/спортивный инвентарь), сертификатами на курсы повышения квалификации, а также будут приглашены для участия в массовые мероприятия проекта

Организационный Комитет

0
0
1040

"Fitness Park KZ" бағдарламасы мен әдістемесінің презентациясы

«Fitness park KZ» жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты» шеңберінде іске асырылып отыр.

Бұқаралық спортты дамыту бойынша жаңа бағдарлама мен әдістемені жоба жетекшісі, Ұлттық Дельфий Комитетінің директоры Құралай Түспекованың тұлғасынан әзірлеушілер, сонымен қатар, жобаның әріптестері - «World class» фитнес-директоры әрі менеджері (Нұр-Сұлтан) Замира Муржикова мен Алина Чурина, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ғылыми қызметкері, Fitness Park KZ жобасының әзірлеушілерінің бірі Есет Байтасов ен «Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ маманы Замира Доскенова таныстырды.

«Жобаның негізгі мақсаты — қазақстандық жастар арасында дене шынықтыру мен спорттың көпсатылы бағдарламасын іске асыру. Біз әр қазақстандыққа көмектесетін креативті жаттығулар негізінде қатысу мәдениетін енгізу бойынша міндетті алға қойдық. Екі ай бойы бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы мен әдістемесін жасау барысында екі команда жүмыс істеді. Оған негіз қылып физикалық дайындығы мен денсаулығындағы олқылығына қарамастан, жастарға бағытталған барлық дене белсенділігін алдық және ұлттық спорт пен би және заманауи трендтердің элементтерін қостық. Бұл қазақстандық жастар үшін уәждемелік сәтке айналары сөзсіз. Сондай-ақ, айта кететін жайт, аталған бағдарлама мен әдістеме мүмкіндігішектеулі жандарға да бейімделіп жасалатын болады. Жақын болашақта, арнайы (түзету) білім беру мекемелеріне дене шынықтыру сабақтарында оны қолдана алады»,  — деп атап өтті жоба жетекшісі, Ұлттық Дельфий Комитетінің директоры Құралай ТҮСПЕКОВА.

Сондай-ақ, әзірлеушілер жастардың спортпен айналысу уәждемесінің қарқынының нәтижесі мен жобаның бағдарламасы мен әдістемесін дамытудың жаңа тәсілдерін ұсынды.

«Бірінші кезекте, бүгінгі таңда халықты, әсіресе, ауыл жастарын бұқаралық спортқа тартудың деңгейі төмен болып отыр, уәждеуіш контенттің пайызы өте төмен, әсіресе, мемлекеттік тілде жоқтың қасы, сондай-ақ, спортты насихаттаудың пішіні мен түрлері ескірген және жүйелі дамыту саясаты, әлеуметтік жарнама жоқ деуге болады. Ұсынылған әдістеме мен бағдарламаның арқасында біз алға қойған мақсатымыз – заманауи жағдайда және шындықта жастар арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын енгізуді іске асыратын боламыз».

Дөңгелек үстелде баяндама жасаған қазақстандық спортшы, үш дүркін Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы  Елена ХРУСТАЛЕВА былай деді:

«Бұл ауқымды іс, бүгінгі жағдайға байланысты адамдар денсаулықтың өте маңызды екенін және оны сақтау мен жақсартудың әдістерінің бірі қозғалыс пен дене шынықтыру екенін түсіне бастады. Бұл тұрғыда дұрыс дене жүктемесін жасаған маңызды. Өзім үлкен қызығушылықпен қарайтын болатын, егер сұрақтар болса, идеяларым болса, міндетті түрде бөлісемін. Менің ойымша, сіздерден үйренеріміз көп. Айтып өткендеріңіздей, бұл адамдармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибе. Өзім де өз-өзіммен, кәсіби спортшылармен жұмыс істедім. Сіздер қарапайым адамдармен жұмыс істеп, олардың қажеттіліктері мен проблемаларын көріп жүрсіздер. Осы проблемаға тереңінен қарап, аталмыш бағдарламаны жасау үшін барлық тетіктерін есепке алып, осы мәселемен айналысқандарыңызға ризамын. Мен бұл бағдарлама танымалдылыққа, сұранысқа ие болады деп үміттенемін. Қазақстандықтардың басым көпшілігі осы бағдарламамен жұмыс істеп, оны өздерінің өмір салтына енгізгендерін қалаймын».

Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде арнайы әдістеме негізінде әзірленген алғашқы 15 минуттық ширатудың тұсауы кесілді, сондай-ақ, Қазақстандағы дене шынықтыру мұғалімдері арасында республикалық «Fitness park KZ» конкурсы басталды.

0
0
452

Онлайн-лагерь аясында тренинг өтті

Аталмыш шара "Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту" жобасы аясында өткізіліп отыр.  Тренингті Ұлттық Дельфий комитеті ұйымдастырды. Материал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты арқылы іске асырылатын "Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты насихаттау" жобасы шеңберінде дайындалған.

"Тарихтың ортақ беттерін түсіну арқылы қоғамды шоғырландыру" тақырыбындағы тренинг барысында көптеген білікті мамандар біліктіліктерімен бөлісті. Атап айтар болсақ,  Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры  Наталья Калашникова әлемдегі қайырымдылық қызметтің дамуы туралы айтып берді.

Наталья Калашникованың айтуынша, азаматтардың қайырымдылыққа қатысуы өмір сүру деңгейіне тікелей байланысты.

"Қазіргі уақытта БҰҰ шеңберінде тіркелген 200 мемлекеттің 170-тен астамы қайырымдылық қызметпен айналысады. Олардың арасында Қазақстан да бар. Рейтингте жетекші орынды Австралия мен Жаңа Зеландия алады. Он балдық шкала бойынша бұл елдердегі өмір сүру деңгейі 7,3 баллға сәйкес келеді. Австралиялықтар мен жаңа зеландиялықтардың 69% - ы қайырымдылық жұмыстарымен айналысады. Солтүстік Америкада-АҚШ пен Канадада халықтың 62% – ы қайырымдылықпен айналысады, Батыс және оңтүстік Еуропада – 53%, Батыс Азияда, Таяу Шығыста-34%. Қазақстанда бұл көрсеткіш 15% - ға тең", - деді Калашникова.Сонымен қатар, ғалым бүгінде әлемдік қайырымдылық, оның ішінде Қазақстанда да "айтарлықтай дамып келе жатқанын" атап өтті.

Қазақстанда қайырымдылық қызметі 2015 жылғы "Қайырымдылық туралы" заңмен реттелетіні белгілі. 2018 жылы бірқатар маңызды өзгерістер мен толықтырулар болды. Қайырымдылық қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанды қолдау түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті жағдайларда жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет ретінде заңмен айқындалған."Қазақстанда қайырымдылық, сондай-ақ этноволонтерство жастар ұйымдары үшін де, этномәдени бірлестіктер үшін де кең инклюзивті мүмкіндіктерге ие.

"Қайырымдылық туралы" Заңға сәйкес ҚХА достық пен қоғамдық келісімді, халық бірлігін нығайту мақсатында қайырымдылықты дамытуға жәрдемдеседі және осы салада үйлестіруші қолдау көрсетеді", – деп атап өтті спикер. Қазақстанда іске асырылып жатқан табысты жобалардың ішінде Калашникова "Жылу" әлеуметтік-қайырымдылық жобасын – өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды киіммен қамтамасыз ету және жұмыс орындарын ұсыну мүмкіндігін үйлестіретін ақылды қайырымдылықтың жаңа форматын, мұсылмандар діни басқармасының акцияларын (2019 жылы 250 158 отбасы қайырымдылық көмек алды), "қамқор" – аға ұрпаққа, соғыс ардагерлеріне қамқорлық жасауды, "Туған жер" – кіші отанды қолдауды атап өтті.


0
0
275

100 белсенді жасқа арналған тренинг

Жобаның ұйымдастырушысы Ұлттық Дельфий Комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Оқыту Halyk Tarihy мобильдік қосымшасы базасында ашық қолжетімділікте орналастырылған жобаның интеллектуалды викторинасына қатысу арқылы алдын ала іріктеуден өткен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі этномәдени бірлестіктердің 100 белсендісіне арналып өткізілді.

5 күн бойы білім берутренингтерінің қатысушылары келесі: көпэтносты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үлгісінің негізгі аспектілері; тарихтың ортақ беттерін түсіну арқылы қоғамды топтастыру;қазақ тілі – этносаралық келісімнің негізі, жобаларды басқару және жаңа медиа қоғамдық пікірге әсер ету құралы ретінде аталмыш бағыттарды қамтыды.  Жоба тренерлері ретінде Қазақстан Халық ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов,«Жаңғыру жолы» ҚХА РЖҚ төрағасының орынбасары, ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖБ төрағасыТимур Жұмырбаев, Ақмола облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы МБА филиалының директоры Белла Газдиева, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессорыНаталья Калашникова, PR-эксперт, «Rona Group» коммуникациялық агенттінің жетекшісі Мира Билялова,"Вolashak RL” жобаларды басқару тобының жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУдокторанты Бірлік Меңдібаев қатысты.

Тренингтің нәтижесі бойынша 20 белсенді қатысушы Soft skills сұранысқа ие машықтар бойынша курстан өткендігі жайлы сертификат пен Қолданбалы этносаяси зерттеу институтында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Бүгінгі таңда жоба аясында Ұлттық Дельфий Комитетінің әлеуметтік желілерінде этномәдени бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып, жастардың бірыңғай құндылықтарын, бірыңғай тарихи санасын қалыптастыру бойынша білім беру бейнедәрістері орналастырылған. Әрбір көңілі қалаған жан Ұлттық Дельфий комитетінің youtube-арнасындағы материалды тыңдай алады.

0
0
284

Қазақстанда ЭМБ белсенділері үшін білім беру лагері аясында тренингтер өтті

"Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту" жобасы аясында "Тарихтың ортақ беттерін түсіну арқылы қоғамды шоғырландыру" тақырыбындағы тренинг барысында  Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры  Наталья Калашникова әлемдегі қайырымдылық қызметтің дамуы туралы айтып берді.

Наталья Калашникованың айтуынша, азаматтардың қайырымдылыққа қатысуы өмір сүру деңгейіне тікелей байланысты.

"Қазіргі уақытта БҰҰ шеңберінде тіркелген 200 мемлекеттің 170-тен астамы қайырымдылық қызметпен айналысады. Олардың арасында Қазақстан да бар. Рейтингте жетекші орынды Австралия мен Жаңа Зеландия алады. Он балдық шкала бойынша бұл елдердегі өмір сүру деңгейі 7,3 баллға сәйкес келеді. Австралиялықтар мен жаңа зеландиялықтардың 69% - ы қайырымдылық жұмыстарымен айналысады. Солтүстік Америкада-АҚШ пен Канадада халықтың 62% – ы қайырымдылықпен айналысады, Батыс және оңтүстік Еуропада – 53%, Батыс Азияда, Таяу Шығыста-34%. Қазақстанда бұл көрсеткіш 15% - ға тең", - деді Калашникова.

Сонымен қатар, ғалым бүгінде әлемдік қайырымдылық, оның ішінде Қазақстанда да "айтарлықтай дамып келе жатқанын" атап өтті.

Қазақстанда қайырымдылық қызметі 2015 жылғы "Қайырымдылық туралы" заңмен реттелетіні белгілі. 2018 жылы бірқатар маңызды өзгерістер мен толықтырулар болды. Қайырымдылық қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанды қолдау түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті жағдайларда жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет ретінде заңмен айқындалған.

"Қазақстанда қайырымдылық, сондай-ақ этноволонтерство жастар ұйымдары үшін де, этномәдени бірлестіктер үшін де кең инклюзивті мүмкіндіктерге ие. "Қайырымдылық туралы" Заңға сәйкес ҚХА достық пен қоғамдық келісімді, халық бірлігін нығайту мақсатында қайырымдылықты дамытуға жәрдемдеседі және осы салада үйлестіруші қолдау көрсетеді", – деп атап өтті спикер.

Қазақстанда іске асырылып жатқан табысты жобалардың ішінде Калашникова "Жылу" әлеуметтік-қайырымдылық жобасын – өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды киіммен қамтамасыз ету және жұмыс орындарын ұсыну мүмкіндігін үйлестіретін ақылды қайырымдылықтың жаңа форматын, мұсылмандар діни басқармасының акцияларын (2019 жылы 250 158 отбасы қайырымдылық көмек алды), "қамқор" – аға ұрпаққа, соғыс ардагерлеріне қамқорлық жасауды, "Туған жер" – кіші отанды қолдауды атап өтті.

Тренингті Ұлттық Дельфий комитеті ұйымдастырды.

Материал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты арқылы іске асырылатын "Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты насихаттау" жобасы шеңберінде дайындалған.

0
0
367

Қылқалам шебері туралы фильм жарыққа шықты

Жуырда ғана республикалық "Туған жер" шығармашыл жастар фестивалі мәресіне жеткені белгілі. Өздеріңіз білетіндей, фестивальдің қазылар алқасы халықтық дауыс беру арқылы фестиваль финалистерін анықтаған болатын.

Республикалық "Туған жер" фестивалін Ұлттық Дельфий Комитеті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізді. Өнер бәйгесіне 14 пен 29 жас аралығындағы жас авторлар қатысты.

Фестиваль жастар арасында кіші отан, өзінің өлкесі, мемлекетін насихаттауды мақсат тұтты.

Жоба «Орындаушылық шығармашылық» (вокал, ойнау, хореография), «Көркем шығармашылық» (бейнелеу өнері, бейнеконтент, фотосурет) және "Сөз өнері" (оқу, әңгімелеу) аталымдары бойынша өтті.

Халықтық дауыс беру нәтижесі арқылы 80 финалист анықталды. Оза шапқан 1,2,3 орын лауреаттары Қазақстанды еліміздің Ұлттық Дельфий құрамасы құрамында Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ, "Туған жер" фестивалінің аясында додаға қатысқан өнерпаздарымыздың шығармашылығын насихаттайтын танымдық шағын фильмдер топтамасын қолға алынды.

Солардың бірі – "Көркем шығармашылық" аталымында бақ сынаған Маңғыстау өңірінің тумасы Мерей Бекежан. Қылқалам шебері туған өлкесін бейнелеуді балалық парызым деп санайды. Қарт Каспийдің жағасына барып, теңіздің тулаған толқындарымен тілдесіп отырып жанына шабыт алады. Осылайша, табиғаттың көз тоймас әсемдігін перзент көзімен қылқаламымен сөйлетеді.

"Ақтау қаласынан 70 шақырым жерде тұрамын. Бірақ қалаға арнайы келіп, қарт Каспийімнің жағасында сурет салғанды ұнатамын. Теңіздің тамаша тастары, суға ұрған толқындары, маған ерекше шабыт береді. Қазір Жетібай ауылындағы балалар өнер мектебінде шәкірт тәрбиелеп жүрмін" дейді Мерей.

"Ер белгісі — құнында, зер белгісі — пұлында" деп дана халқымыз айтқандай, Мерейдің қылқаламынан шыққан туындылар негізінен Маңғыстаудың тарихына арналады.

Майлы бояумен кәсіби сурет салатын Мерей туралы фильм мына сілтеме бойынша тамашалай аласыздар!

0
0
494

Жас қолөнерші туралы фильм түсірілді

Жуырда ғана  республикалық "Туған жер" шығармашыл жастар фестивалі мәресіне жеткені белгілі. Өздеріңіз білетіндей, фестивальдің қазылар алқасы халықтық дауыс беру арқылы фестиваль финалистерін анықтаған болатын.

Республикалық "Туған жер" фестивалін Ұлттық Дельфий Комитеті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізді. Өнер бәйгесіне 14 пен 29 жас аралығындағы жас авторлар қатысты.  

Фестиваль жастар арасында кіші отан, өзінің өлкесі, мемлекетін насихаттауды мақсат тұтты.  

Жоба  «Орындаушылық шығармашылық» (вокал,  ойнау, хореография), «Көркем шығармашылық» (бейнелеу өнері, бейнеконтент, фотосурет) және "Сөз өнері" (оқу, әңгімелеу) аталымдары бойынша өтті. 

Халықтық дауыс беру нәтижесі арқылы 80 финалист анықталды. Оза шапқан  1,2,3 орын лауреаттары  Қазақстанды еліміздің Ұлттық Дельфий құрамасы құрамында Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ, "Туған жер" фестивалінің аясында додаға қатысқан   өнерпаздарымыздың шығармашылығын насихаттайтын танымдық шағын фильмдер топтамасын қолға алынды.

Солардың бірі –  «Көркем шығармашылық» аталымында жеңімпаз атанған Арзу Аралбаева туралы. Арзу –  Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының қолөнершісі.  

 Халқымыздың мәдениетінің ең байырғы өнерінің бірі –  қолөнер. Қолөнер – өрісі кең өнер. Биік өрені қажет ететін өнер. 

«Кішкентай кезімнен қолөнерге ерекше қызықтым. Әр түрлі матадан, қалдықтардан әдемі бұйымдар жасап, әр түрлі суреттер салып өстім. Осыны байқаған анам мені қолөнер мектебіне берді. 

Қазақ қолөнері көркемдік мән-мағынаға ие асыл қазына болып табылады.  

«Мұғалім әрдайым ізденіп, оқушының шығармашылық қабілетін ашуға ұмтылуы керек. Осындай дарынды оқушының қабілетін дамытуға қосқан оқушымның бірі – Арзу Аралбаева. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында  ұлттық қолөнер бұйымдарын киізден бұйымдар басып, өзі үлкен шығармашыл жұмыс дайындады» дейді ұстазы Сәуле Тыныштықова. 

Он саусағынан бал тамған шебер өнерпаздың шеберлігіне тәнті болыңыздар!

#cisc2020 #qogamgov #delphikz #delphikazakhstan #delphikz2020 #delphicgames #delphi20204

0
0
453

Қазақстанда шығармашылық фестивалінің жеңімпаздары туралы фильм түсірілуде

Биыл алғаш рет «Туған жер» атты патриоттық шығармашылық фестивалі  ұйымдастырылды. Фестиваль басты 3 бағытта - «Орындаушылық шығармашылық»  (вокал, аспапта ойнау, хореография), «Көркем өнер» (бейнелеу өнері,  бейнеконтент, фотосурет, сән), «Сөз өнері» (мәнерлеп оқу, өлең жаттау)  өтті. Өнер байқауында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 14 пен 29 жас  аралығындағы жас таланттар бақ сынады. Фестиваль нәтижесінде әр бағыт  және ішінара сала бойынша 10 жеңімпаз анықталды. Бүгінде сол жеңімпаздар  туралы шағын танымдық фильм түсірілуде. Мақсат - жас өнерпаздардың  шығармашылығы арқылы ұлттық патриотизмді дәріптеу.

«Менің сән әлеміне келуіме тікелей әжем себепші. Кішкентайымнан  әжемнің қасында жүріп жүн үйіруге, кесте тігуге қызығып, үйрене  бастадым. Өсе келе киім тігу, оның ішінде сәнді киім жасауды негізгі  кәсібім ретінде таңдадым. «Туған жер« фестиваліне өзімнің авторлық сәнді  киімдер топтамамды ұсындым. Топтамада ерлер мен әйелдерге арналған 7  киім түрі бар. Олардың барлығы күнделікті киюге арналған және  ерекшелігі, ұлттық оюмен көркемделген. Байқау нәтижесінде менің ұлттық  нақыштағы сәнді киімдер топтамам үздік деп танылып, 1 орынды иелендім.  Өте қуаныштымын, алдағы уақытта өз шығармашылығымды одан әрі дамытып,  отандық және әлемдік деңгейдегі сән әлемін бағындырғым келеді», - деді  аталған фестивальдің «Көркем өнер» аталымы бойынша жеңімпазы атанған  елордалық Гүлжиян Қадыр фильмнің түсірілімі барысында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық жеңімпаздар туралы шағын фильм  15 қарашаға дейін түсіріліп, кейін көпшілік назарына ұсынылатын болады.  Айта кетейік, «Туған жер» патриоттық шығармашылық фестивалі және оның  жеңімпаздары туралы фильмді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,  «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының ұйытқы болуымен Ұлттық  Дельфий комитеті түсіріп жатыр.

0
0
421

Жас әнші, композитор туралы фильм

Ұлттық Дельфий Комитеті, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Туған жер» патриоттық шығармашылық республикалық фестивалін өткізген болатын.

Патриоттық фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 14 пен 29 жас аралығындағы жас авторлар бақ сынады.  Талантымен жарқырап көзге түскен өнерпаздардың бірі –  «Орындаушылық шығармашылық» аталымында жеңімпаз атанған Меруерт Какимхан. Меруерт – әнші, композитор.

«Астанамыз мені өте шабыттандырады. 2012 жылы оқуға түсіп, елордалық атанғалы бері мен қала келбетіне тамсанып шабыттанып, әндер жаза бастадым. Туған жеріме, елордамызға арнап ән шығардым. «Асыл Отан» деген әнім бар. Сөйтіп менің композицияға деген шабытым оянды» дейді Меруерт Кәкімхан.

«Қызым кішкентай кезінен бастап өнерге жақын екенін байқадым. Шырылдап жылағанының өзі ерекше еді. Музыкалық мектепте де оқыды» дейді анасы Бақытжан Ермекқызы.

Меруерт бүгінде өзінің бар тағылымын шәкірттеріне берген жас ұстаз. Фестивальге «Асыл Отан» әнімен қатысып, 1-орынды жеңіп алған Меруерт өз шығармашылығын елордамен тығыз байланыстырады.

«Өнерімді насихаттауға мүмкіндік бергендері үшін «Туған жер» фестивалінің ұйымдастырушыларына алғысым шексіз» деп ағынан жарылды Меруерт.

Әлі талай әнімен тыңдармандарының жүрегін жаулайтын жас дарынның шеберлігіне шеберлігі туралы фильмді Ұлттық Дельфий Комитетінің facebook және Youtube  желілерінің әлеуметтік парақшаларынан тамашалай аласыздар.

Youtube:   https://youtu.be/51HhSSImQTw

Жобаға тоқталатын болсақ, оған қазақстандық авторлар, сондай-ақ, патриоттық тақырыпқа авторлық туындыларды орындайтын шығармашылық ұжымдар «Орындаушылық шығармашылық» (вокал, аспапта ойнау, хореография) және «Көркем шығармашылық» (бейнелеу өнері, бейнеконтент, фотосурет) аталымдары бойынша қатысты.

«Әлемдегі эпиджағдайға байланысты фестиваль пішіні өзгергенімен, жоба нәтижесіне көңіліміз толды. Финалистер, одан соң жеңімпаздар анықталды. Қазіргі таңда 10 жас автордың шығармашылығын насихаттау бойынша жұмыс аяқталуға жақын. Жеңімпаз жас авторлар туралы шағын фильмдеріміз жақында көрермендерге жол тартады», – деп атап өтті жоба авторы, Ұлттық Дельфий Комитетінің директоры Құралай ТҮСПЕКОВА.

Бірінші айналымның жұмыстары желі қолданушылары өздеріне ұнаған қатысуға дауыс бере алатын жобаның әлеуметтік желілерінде жарияланды. Осылайша, халықтық дауыс беру нәтижесі арқылы 80 финалист айқындалды.

Байқаудың ақтық сынында қазылар алқасының мүшелері 1, 2, 3 орын лауреаттарын анықталды, жеңімпаздарға Қазақстанды еліміздің Ұлттық Дельфий құрамасы құрамында Қазақстанның атынан қатысу құқығы беріледі.

0
0
475