Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қылқалам шебері туралы фильм жарыққа шықты

Жуырда ғана республикалық "Туған жер" шығармашыл жастар фестивалі мәресіне жеткені белгілі. Өздеріңіз білетіндей, фестивальдің қазылар алқасы халықтық дауыс беру арқылы фестиваль финалистерін анықтаған болатын.

Республикалық "Туған жер" фестивалін Ұлттық Дельфий Комитеті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізді. Өнер бәйгесіне 14 пен 29 жас аралығындағы жас авторлар қатысты.

Фестиваль жастар арасында кіші отан, өзінің өлкесі, мемлекетін насихаттауды мақсат тұтты.

Жоба «Орындаушылық шығармашылық» (вокал, ойнау, хореография), «Көркем шығармашылық» (бейнелеу өнері, бейнеконтент, фотосурет) және "Сөз өнері" (оқу, әңгімелеу) аталымдары бойынша өтті.

Халықтық дауыс беру нәтижесі арқылы 80 финалист анықталды. Оза шапқан 1,2,3 орын лауреаттары Қазақстанды еліміздің Ұлттық Дельфий құрамасы құрамында Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ, "Туған жер" фестивалінің аясында додаға қатысқан өнерпаздарымыздың шығармашылығын насихаттайтын танымдық шағын фильмдер топтамасын қолға алынды.

Солардың бірі – "Көркем шығармашылық" аталымында бақ сынаған Маңғыстау өңірінің тумасы Мерей Бекежан. Қылқалам шебері туған өлкесін бейнелеуді балалық парызым деп санайды. Қарт Каспийдің жағасына барып, теңіздің тулаған толқындарымен тілдесіп отырып жанына шабыт алады. Осылайша, табиғаттың көз тоймас әсемдігін перзент көзімен қылқаламымен сөйлетеді.

"Ақтау қаласынан 70 шақырым жерде тұрамын. Бірақ қалаға арнайы келіп, қарт Каспийімнің жағасында сурет салғанды ұнатамын. Теңіздің тамаша тастары, суға ұрған толқындары, маған ерекше шабыт береді. Қазір Жетібай ауылындағы балалар өнер мектебінде шәкірт тәрбиелеп жүрмін" дейді Мерей.

"Ер белгісі — құнында, зер белгісі — пұлында" деп дана халқымыз айтқандай, Мерейдің қылқаламынан шыққан туындылар негізінен Маңғыстаудың тарихына арналады.

Майлы бояумен кәсіби сурет салатын Мерей туралы фильм мына сілтеме бойынша тамашалай аласыздар!

0
0
444

Осы тақырып бойынша

Қылқалам шебері туралы фильм жарыққа шықты - Yvision.kz