Жас әнші Валерия Хан туралы фильм түсірілді
Ұлттық Дельфий Комитеті, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Туған жер» патриоттық шығармашылық республикалық фестивалін өткізген болатын.Патриоттық фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 14 пен 29 жас аралығындағы жас авторлар бақ сынады. Талантымен жарқырап көзге түскен өнерпаздардың бірі – «Орындаушылық шығармашылық» аталымында халықтық дауыс берудің жеңімпазы атанған Валерия Хан.Валерия – өз тыңдармандарын жинап үлгерген жас әнші.«Анам екеуміз пойызбен жолда кетіп бара жатқанбыз. Анам телефонынан ән қосты. Мен қосылып ән сала бастадым. Ән салуды осылай бастадым» дейді Валерия Хан."Қызымыз республикалық "Туған жер" патриоттық фестиваліне қатысады деп шештік. Валерияның репертуарында бірде-бір п…