Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дене шынықтыру оқытушылары арасындаспорттық жаттығулар конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Дене шынықтыру оқытушылары арасындағы спорттық жаттығулар конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) «Fitness Park KZ» дене шынықтыру және спортты ілгерілету бағдарламасы мен әдістемесін (бұдан әрі – Бағдарлама) насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен және «World Class» фитнес клубтар желісімен әріптестікте Ұлттық Дельфий комитеті жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі «Fitness Park KZ» жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша «Fitness Park KZ» жобасы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның гранты аясында жүзеге асырылады.

Конкурстың міндеттері – жас талантты дене шынықтыру оқытушыларын анықтау және марапаттау, дене шынықтыру оқытушыларының кәсіби өзін-өзі дамытуына ықпал ету және жастарды бұқаралық спортпен айналысуға тарту.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

Қатысуға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және спорт мектептерінің, ТжКБ мекемелерінің, ЖОО-ның дене шынықтыру пәнінің оқытушылары шақырылады.

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

Конкурс 2021 жылғы 20 сәуір мен 30 маусым аралығында интернет желісінде онлайн форматта өткізіледі. Қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қабылдау 2021 жылғы 25 сәуір мен 25 маусым аралығында жүзеге асырылады, қазылар алқасының бағалауы және жеңімпазды анықтау 2021 жылғы 30 маусымда өтеді.

РЕТТЕУШІ ҚҰЖАТТАР

Осы ереже конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайтын негізгі құжат болып табылады. «Fitness Park KZ» дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасының құжаты конкурстық талаптарды реттейді. Қатысушылардың конкурсқа қатысуы осы ережені толық және сөзсіз қабылдауын білдіреді.

КОНКУРСТЫҚ ТАЛАПТАР

Конкурсқа қатысушы «Fitness Park KZ» дене шынықтыру және спортты ілгерілету бағдарламасының әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жаттығулар кешенінің негізгі бөлігін сарапшылар әзірлеген бағдарлама элементтерін кешенде пайдалана отырып дербес әзірлейді (Бағдарлама мен жаттығулар жобаның @fitnesspark_2021ресми аккаунттарында орналастырылған). Қатысушы бейне сабақты жазып, оны әлеуметтік желілерде #fitnesspark_baikau хэштегімен жариялайды.

Бейне жаттығулар жиынтығы mp4 (мобильді түсірілім), сапалы және дыбыстық форматта жазылады. Музыкалық безендіру құпталады.

Бейне жаттығудың құрылымы:

1. қатысушыны таныстыру (аты-жөні, жұмыс орны, еңбек өтілі, жасы);

2. жаттығулар кешені туралы қысқаша ақпарат (жаттығу түрі, мақсатты аудитория, кешенді құру тізбегі, ағзаға әсері);

3. жаттығулар кешенін көрсету (автордың әр жаттығуды орындау кезектілігінің сипаттамасы).

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын дене шынықтыру және спорт саласына тартылған сарапшылар қатарынан «Fitness Park KZ» дене шынықтыру және спортты ілгерілету бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеушілер бағалайтын болады. Байқау қорытындысы бойынша 1,2,3 орын иегерлері анықталады. Сондай-ақ ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде көп қаралған жаттығулардың бейне кешеніне халықтық дауыс беруде басым түскен жеңімпазды анықтайды.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен (сертификаттар/спорттық құрал-жабдық және біліктілікті арттыру курсының сертификатымен марапатталады, сондай-ақ жобаның бұқаралық іс-шараларына қатысуға шақырылады.

Ұйымдастыру комитеті

_____________________________________________

ПОЛОЖЕНИЕ

о проведении конкурса спортивных тренировок среди преподавателей физической культуры

ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

Конкурс спортивных тренировок среди преподавателей физической культуры (далее-Конкурс) проводится в рамках реализации проекта «Fitness Park KZ» по формированию здорового образа жизни среди молодежи Национальным Дельфийским Комитетом в партнерстве с Национальным научно-практическим центром физической культуры Министерства образования и науки Республики Казахстан и сети фитнес клубов «World Class» с целью популяризации Программы и методики продвижения физической культуры и спорта «Fitness Park KZ»(далее-Программа).

Проект «Fitness Park KZ» по формированию здорового образа жизни среди молодежи реализуется в рамках гранта НАО «Центр поддержки гражданских инициатив».

Задачами Конкурса является выявление и поощрение талантливых молодых преподавателей физической культуры, содействие в профессиональной самореализации преподавателей физической культуры и привлечение молодежи к занятиям массовым спортом.

УЧАСТНИКИ КОНКУРСА

К участию приглашаются преподаватели физической культуры общеобразовательных и спортивных школ, учреждений ТиПО, ВУЗов Республики Казахстан.

СРОКИ И МЕСТО ПРОВЕДЕНИЯ

Конкурс проводится в период 20 апреля – 30 июня 2021 года, в формате онлайн в сети интернет. Прием конкурсных заявок участников осуществляется с 25 апреля по 25 июня 2021 года, оценка жюри и определение победителя состоится 30 июня 2021 года.

РЕГЛАМЕНТИРУЮЩИЕ ДОКУМЕНТЫ

Данное положение является основным документом, определяющим порядок и условия проведения Конкурса. Документом, регламентирующим конкурсные требования, является Программа продвижения физической культуры и спорта «Fitness Park KZ». Участие в Конкурсе означает полное и безусловное принятие данного Положения участниками.

КОНКУРСНЫЕ ТРЕБОВАНИЯ

Участник Конкурса самостоятельно разрабатывает основную часть комплекса упражнений согласно методическим рекомендациям Программы продвижения физической культуры и спорта «Fitness Park KZ», используя в комплексе элементы разминки, разработанной экспертами программы (программа и разминка размещены на официальных аккаунтах Проекта @fitnesspark_2021). Далее участник записывает видеозанятие и публикует его в социальных сетях под хэштегом #fitnesspark_baikau.

Видеокомплекс упражнений записывается в формате mp4 (мобильная съемка), хорошего качества и звука. Музыкальное оформление приветствуется.

Структура видеозанятия:

1. представление участника (ФИО, место работы, стаж, возраст);

2. краткая информация о комплексе упражнений (вид тренинга, целевая аудитория, последовательность построения комплекса, воздействие на организм);

3. демонстрация комплекса упражнений (описание последовательности выполнения каждого упражнения автором).

ЖЮРИ

Оценивать работы конкурсантов будут разработчики Программы и методики продвижения физической культуры и спорта «Fitness Park KZ» из числа привлеченных экспертов сферы физической культуры и спорта. По итогам конкурса будут определены победители – обладатели 1,2,3 места. Также Организаторы определят победителя народного голосования, набравшего большее количество просмотров видеокомплекса упражнений в социальных сетях.

Победители будут награждены ценными призами (сертификаты/спортивный инвентарь), сертификатами на курсы повышения квалификации, а также будут приглашены для участия в массовые мероприятия проекта

Организационный Комитет

0
0
947

Осы тақырып бойынша

Дене шынықтыру оқытушылары арасындаспорттық жаттығулар конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ - Yvision.kz