100 белсенді жасқа арналған тренинг
Жобаның ұйымдастырушысы Ұлттық Дельфий Комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Оқыту Halyk Tarihy мобильдік қосымшасы базасында ашық қолжетімділікте орналастырылған жобаның интеллектуалды викторинасына қатысу арқылы алдын ала іріктеуден өткен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі этномәдени бірлестіктердің 100 белсендісіне арналып өткізілді.
5 күн бойы білім берутренингтерінің қатысушылары келесі: көпэтносты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім үлгісінің негізгі аспектілері; тарихтың ортақ беттерін түсіну арқылы қоғамды топтастыру;қазақ тілі – этносаралық келісімнің негізі, жобаларды басқару және жаңа медиа қоғамдық пікірге әсер ету құралы ретінде аталмыш бағыттарды қамтыды. Жоба тренерлері ретінде Қазақстан Халық ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов,«Жаңғыру жолы» ҚХА РЖҚ төрағасының орынбасары, ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖБ төрағасыТимур Жұмырбаев, Ақмола облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы МБА филиалының директоры Белла Газдиева, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессорыНаталья Калашникова, PR-эксперт, «Rona Group» коммуникациялық агенттінің жетекшісі Мира Билялова,"Вolashak RL” жобаларды басқару тобының жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУдокторанты Бірлік Меңдібаев қатысты.
Тренингтің нәтижесі бойынша 20 белсенді қатысушы Soft skills сұранысқа ие машықтар бойынша курстан өткендігі жайлы сертификат пен Қолданбалы этносаяси зерттеу институтында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
Бүгінгі таңда жоба аясында Ұлттық Дельфий Комитетінің әлеуметтік желілерінде этномәдени бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып, жастардың бірыңғай құндылықтарын, бірыңғай тарихи санасын қалыптастыру бойынша білім беру бейнедәрістері орналастырылған. Әрбір көңілі қалаған жан Ұлттық Дельфий комитетінің youtube-арнасындағы материалды тыңдай алады.
