СҚО-да «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды.
СҚО-да «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды.Солтүстік Қазақстан облысында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасатын науқан «Үйдегі тыныштықтан жер бетіндегі бейбітшілікке - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық!» деген ұранымен өткізіледі», - деді ІІД баспасөз қызметінің бастығы Мәдина Балғашұқова. Шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері жұмылдырылады. Акцияның негізгі мақсаты - бұқара халықты әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетпеуге шақыру, алдын алу. Сонымен қатар, нәзік жандарға қол көтеруге бейім тұратын адамдармен алдын алу жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шар…