Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

ҚР ІІМ полиция қызметкерлеріне мобильдік алкотестерлерді пайдалануды жүкткмек

ҚР ІІМ полиция қызметкерлеріне мобильдік алкотестерлерді пайдалануды жүктемек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты. «Бұл шаралар қызмет ету орнынан алыстамай көлікті мас күйінде басқарған жүргізушілерді жедел анықтауға мүмкіндік береді және осындай мас жүргізулерді куәландыруға жұмсаған уақытты айтарлықтай төмендетеді. Осыған орай құқықтық негіз бар», - деді министр. Бұл тұрғыда ведомство басшысы жергілікті жерлерде бұл алкотестерлерді алу үшін әкімдердің полицияға жәрдемдесуін сұрады. Естеңізге сала кетейік, 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар министрліктер мен ведомстволардың ғана емес, сонымен қатар жалпы Үкіметтің де жұмысын қатаң сынға алды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар…

0
0
309

ПРЕСС РЕЛИЗ о проведении республиканской акции «Қазіргі заман қаһарманы»

В честь памяти погибшего сотрудника полиции Г. Байтасова, а также в целях героико-патриотического и нравственного воспитания личного состава ОВД 11-12 ноября т.г. в городе Тараз Жамбылской области проведена Республиканская акция «Қазіргі заман қаһарманы», с участием первого заместителя министра внутренних дел М.Демеуова, сотрудников полиции ряда областей, которые, находясь на служебном посту, совершили героические поступки, а также представителей областного и городского акиматов, ветеранов ОВД, общественности области. Первый день мероприятия - 11 ноября начался с возложения корзин цветов на месте гибели Халық Қаһарманы капитана полиции Газиза Байтасова и открытия памятного уголка герою в здании Управления административной полиции (ул. Толе би). Как известно, командир батальона взвода доро…

0
0
468

«Жол жүрісі қауіпсіздігінің апталығы»

Бүгін ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бастамасымен «Жол жүрісі қауіпсіздігінің апталығы» басталды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады. Мұның мақсаты – жолдардағы апаттылық деңгейін төмендету, автомотокөлікпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.  

Қауіпсіздік аптасын өткізу барысында әртүрлі мақсатты аудиториялар арасында жолдарда заң сыйлаушылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған жаңа акция күн сайын өткізілетін болады.

0
0
322

ІІМ әр өңірде «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде

Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында қойған жалпы мемлекеттік профилактика жүйесін құру,сондай-ақ полиция қызметіне халықтың сенімін арттыру бойынша міндеттерге сәйкес Ішкі істер министрлігі «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, 8 қарашада еліміздің әрбір өңірінде кезекті «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді. Шара барысында азаматтарға құқықтық және кеңестік көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшылығы мен «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар өкілдері халықпен кездесіп, ал Қарағанды облысында азаматтарды қабылдайды. Акция өткізу кезеңінде әкімшілік полиция қызметкерлерінің заңдылықты және азаматтардың құқықтарын сақтаулары мәселелері бойынша азаматтарға жасырын сауалнама жүргізіледі. Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы м…

0
0
317

Қазақстанда түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін

Қазақстанда түрмелерге сәлемдеме жіберу тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде жаңа редакциядағы Қылмыстық-атқару кодексінің таныстырылымы барысында Ішкі істер вице-министрі Амантай Күреңбеков мәлім етті. Вице-министрдің айтуынша, сотталғандардың атына сәлемдемелер жіберуді тоқтатумен қатар, түзеу мекемелеріндегі дүкендерден қажетті бұйымдар мен азық-түлік алуға арналған айлық есептік көрсеткіш көлемін өсіру жоспарланып отыр. «Мекемелердің аумағында ақшаның мұндай ресми айналымы жоқ, бірақ олардың барлығының қолында карточкалар бар. Олар дүкендерден карточкалар арқылы азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алады. Ал сәлемдемелер, біріншіден, тыйым салынған заттардың түрмелерге өтуіне жол ашады. Екіншіден, камерада сақтауға мүмкін болмайтын азық-түліктер де…

0
0
377

Семей полициясы жол қиылысында әйел адамды қағып кеткен жүргізушіге іздеу салды

Шығыс Қазақстан облысының полициясы Семей қаласында 44 жастағы әйел адамды қағып кеткен автомобиль жүргізушісіне іздеу жариялады. Автомобиль маркасы анықталған жоқ. Зардап шегуші әйел ауыр жарақаттарымен оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Қаржаубайұлы-Шұғаев көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өтетін жерде орын алды. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытты.   

Полиция оқиға куәгерлерін, қандай да бір ақпараты бар азаматтарды Семей қаласының жол полициясы басқармасына 77-70-81, 77-60-05 телефондары бойынша немесе 77-46-76 нөміріне іздеу бөліміне хабарласуды сұрайды.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/EA5C3DC42C4C130DE044002655122E6A

0
0
351

БҚО-да баланы құтқарып қалған полицей өзін ерлік жасадым деп санамайды

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полицейі Ыдырыс Зейнуллин баланы құтқарып қалған әрекетін өзінің азаматтық борышы деп санайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Полицейдің ерлігін күллі облыс халқы біледі. Өңірдегі танымал ақын Бауыржан Қалиолла БҚО ІІД-нің басшылығына жолдаған алғыс хатында былай деп жазады: «Сырым ауданындағы Қособа ауылында той өткізетін орын болмағандықтан тұрғындар тойды аудандағы мекемелерге келіп өткізеді. 6 сәуірде аудан орталығындағы «Жұлдыз» дәмханасында туысқандардың бірінің үйлену тойы өтіп жатты. Үлкендер той қамымымен жүргенде Ерқатпен ойнап жүрген кішкене балалар оның қалдық, сарқын су төгілетін шұңқырға түсіп кеткенін айтқан. Тойға келген қонақтардың арасында болған Сыр…

0
0
522

ҰҰ ЖКББ және ҚР ІІМ мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерімен бірлесіп Қазақстандағы азаматтық жоқтықты қысқарту мәселелерін қарады

Астана қаласында ІІМ-де министрдің орынбасары генерал-майор Ерлан Тургумбаевтің төрағашылығымен Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЖКББ) Орта Азия бойынша аумақтық өкілі Сабер Азамды шақырумен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті, онда азаматтық жоқтықты қысқартуға қатысты мәселелері қаралды. Отырыста, оралмандардың, азаматтығы жоқ адамдардың және босқындардың құқықтарының жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының Арнайы баяндамасында көрсетілген елдегі азаматтық жоқтықты анықтау мен қысқарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Отырыстың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдардың санын қысқарту жөнінде нақты шаралар әзірленді. Құжаттандырылмаған барлық адамдарды белгілеу және…

0
0
1088

Шаруа қожалығының басшысы өз жұмысшысын атып тастады.

Қарағанды облысының Шет ауданындағы қыстақтардың бірінде шаруа қожалығының басшысы жанжал кезінде өзінің жұмысшысын басқа қол астындағылардың көзінше атып тастады, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен. «29 қазан күні кешке Шет ауданындағы қыстақтардың бірінде шаруа қожалығының 34 жастағы басшысы өзінің жұмысшысымен сөзге келіп қалып, оны басқалардың көзінше атып салды. Алған жарақаттардан 38 жастағы ер адам бірнеше сағаттан кейін көз жұмды», - деп жазылған хабарламада. Шаруа қожалығы басшысы оқ атқан 16 калибрлі мылтық оның атына тіркелген. «Ұсталған ер адамның куәгерлер жеткілікті болғаннан кейін, өз кінәсін мойындаудан басқа шарасы қалмады. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп қосты облыстың ІІД баспа…

0
0
360

Елімізде жол-көлік оқиғаларының өсуіне автокөлік паркінің артуы да әсер етуде — ҚР ІІМ.

Жыл басынан бері 15 мың жол-көлік оқиғалары болды. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 60 пайызға жуық деңгейге жоғары. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха айтты. Оның сөзіне қарағанда, осы ахуалдың бірқатар себептері бар. Мәселен, соңғы жылдары елімізде автокөлік паркі күрт артып отыр. 2007 жылы 2 миллионнан астам автокөлік болса, бүгінде көлік саны 4 млн.100 мыңға жетіп отыр. Осы орайда комитет басшысы республикадағы жол инфрақұрылымы өткен ғасырдағы көлік ағымына есептелгенін, ал қазіргі кезде тиісті талаптарға сәйкес келмейтіндігін сөз етті. «Қалалардағы инфрақұрылымдар бойынша кемшін тұстар баршылық. Атап айтқанда жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері…

0
0
467