Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

Жаңаөзен қаласында ІІБ Жедел басқару орталығының ашылуы

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында Жедел басқару орталығы (ЖБО) ашылды. Аталған ЖБО моноқалалар ішіндегі бірінші соғылған және іске қосылған. Аталған орталықтың ашылу рәсіміне Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов арнайы келді. Жедел басқару орталығының жұмысы көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен құқық бұзушылықпен күресуді, қылмыстарға қатысты полиция тарапынан кешенді түрде, сондай-ақ азаматтардан түскен хабарламаларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталған. ЖБО жедел түрде қылмыстарға ден қоятын қаладағы азаматтардың көптеп шоғарланған жерлері мен криминогенді аймақтары сынды жерлерге, жалпы алғанда 20 бейнебақылау камераларына қосылған. Жалпы алғанда, ЖБО штатында 37 қызметкер, олардың ішінде тәуліктік кезекшілікте 8 қызметкер болады, сондай-а…

0
0
598

Оралда сарбаздар әйелді жәбірлеуден құтқарды. «BNews.kz», 06.12.2013ж.

Оралда ҚР ішкі әскері 5517 әскері бөлімінің жасағы әйелді зорламақ болған мас ер адамды тұтқындады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі бөлім басшылығына сілтеме жасап. 5517 әскері бөлімінен хабарлағандай, әйел адамға жәбір көрсету оқиғасы Циолковский көшесінің бойында орналасқан №9 мектеп маңында кешкітұрым уақытта орын алған. Патруль басшысы Нұрбек Нұрбаевтың басқаруымен құрамында қатардағы Дінислам Тілеп пен Елшібек Сатыбалды бар әскери жасақ әдеттегі бағытпен қызметтерін атқаруға кіріскен. «Күзету мерзімі аяқталуға бірер сәт қалған уақытта сағат 22.45 шамасында сарбаздар көмекке шақырған әйелдің даусын естіген. Жасақ әйелді зорламақ болған мас жігітті аңғарады. Заңбұзушы дер кезінде тұтқындалды. Ол істің мән-жайын анықтау үшін Орал қаласы ІІБ-ге жеткізілді», - деп мәлім етті 5517 ә/б майо…

0
0
351

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесі мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты іс-шаралар(Астана қаласы, 2013ж. 29 қараша)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесі мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен салтанатты іс-шара болып өтті. Мереке қарсаңында ІІМ клубының холында қызметкерлер үшін ІІМ және Қарағанды облысы ІІД қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті» атты тақырыпта фотодеректі көрме ұйымдастырылды. Мереке күні ішкі істер органдарында ерекше көзге түскен қызметкерлер мен ардагерлерді мадақтау мақсатында салтанатты жиналыс өткізілді. Іс-шара соңынан ІІМ Мәдени орталығы мен Қарағанды облыстық ІІД-мен бірлесе отырып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесі мен Қазақстан Республикасы Тә…

0
0
598

Бірінші республикалық турнирдің салтанатты ашылуы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен үстіміздегі жылдың 27 қарашасында «Алатау» спорт кешенінің әмбебап залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеу қарсаңында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті полицейдің арнайы кедергілер жолағын жеңу бойынша республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Аталмыш спорттық-көпшілік шарасын осындай қарқында бірінші рет өткізіліп отырғандығын атап өткен жөн. Аталмыш жарысқа дайындық жүргізу аясында ағымдағы жылдың қазан айында Алматы қаласында арнайы бөгет жолақшасына қосылған жаттығулар түрлерімен танысу үшін ҚАЖ (Қылмыстық-атқару жүйесі) қызметкерлерінен құралған төрешілер мен жаттықтырушылар семинары өткізілді. Бірінші республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Ішкі істер министрінің орынбасар…

0
0
1389

Қырғызстан Республикасында тіркеліп, Қазақстан Республикасында пайдаланып жүрген автокөліктер жөнінде БАҚ-қа ақпарат

Қазіргі таңда Қазақстан азаматтарының падалануы үшін Қырғызстан Республикасында тіркелген автокөліктердің бақылаусыз кіруіне байланысты жағдайы ушығып кетті. Кеден комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстан аумағына Қырғызстан жерінен 200 мыңға жуық автокөліктер кіріп, олардың тек бір мыңы ғана кедендік рәсімдеуден өткен. Ағымдағы жылдың өзінде қырғызстандық нөмірлі автокөлік жүргізушілердің салдарынан 49 адам көз жұмып, 271-і жарақат алды, 21 мыңнан астам жол қозғалысы ережесі (ЖҚЕ) бұзылып, олар бойынша жалпы сомасы 100 миллион теңгеге жуық 11,5 мың айыппұл салынып, оның тек 25% ғана өндіріліп алынды. Автоматтандырылған белгілеу жүйесінің көмегімен қырғызстандық нөмірлі автокөлік жүргізушілердің 185 млн. теңге сомасын құрайтын 14 мыңға жуық ЖҚЕ бұзу фактілері анықталды. Алайда, мұндай жағд…

0
0
310

БАҚқа ақпарат

Апта ішінде 7 231 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 281 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 694, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 24 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 89 қылмыскер ұсталып, 10 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты 50 қылмыс анықталды, оның ішінде 23 сату фактісі. 40 келіден астам есірткі заты, оның ішінде жарты келіге жуық героин заты тәркіленіп алынды

0
0
170

Қарағандылық полицейлер Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған әндерді орындады.

Қарағандылық полицейлер ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай гала-концерт өткізді. Олар мерекелік кеште Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған әндерді орындады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қарағандылық полицейлер ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған шаралардан тыс қалмай, гала-концерт ұйымдастырды. Қарағанды облыстық ІІД ансамблі, вокал және би тобының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған әндерді орындады»,-деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ж.Сембеков. Мереке қарсаңында ҚР ІІМ бұйрығымен ішкі істер органдарының екі қызметкері мерзімінен бұрын шен алды, екеуі медальмен, тағы бірі «ІІМ үздігі» екінші дәрежелі төс белгісімен марапатталды. Екі адам грамота, тағы екеуіне алғыс хат табыс етілді. Қарағанды облыстық ІІД басшысының бұйр…

0
0
699

Айыппұлды ескермегендер көліктерінен айырылады

Өскемендік тәртіп сақшылары айыппұл төлемі 50 мың теңгеден асып жығылғандарға қарсы қатаң шара қолдана бастады. Енді ондай көліктер кез келген жерден айыппұл тұрағына жөнелтілуде. Заң бәріне ортақ. Сондықтан әкімшілік полиция қызметкерлері мойындарына жазылған айппұлды төлемей қашып жүргендермен ашық күресе бастады. Құқық қорғаушылар ондай көліктерді тауып алып, көлік иелерінің ақталып, жан-жаққа қоңырау шалғандарына қарамастан, бірден айппұл тұрағына әкетуде, деп хабарлайды Хабар телеарнасы. Әкімшілік полицейлердің айтуынша, қалада айыппұл көлемі 50 мың теңдеген басталып, 400 мың теңдеген асатын қырық көлік анықталыпты. Сот шешімі бойынша, солардың барлығы тиісті төлемдерін жасап үлгермеген жағдайда көліктерінен айырылады. Айта кету керек, заң алдындағы жауапкершіліктен қашып жүргендерді…

0
0
328

ІІМ-нің кеңейтілген Алқа мәжілісі туралы ақпарат

Астана қаласында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен министрліктің орталық аппараты, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД, сондай-ақ аумақтық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің басшылық құрамы қатысқан ІІМ-нің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Кезектен тыс өткен алқа отырысында еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы іс-қимылды жандандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша шаралар, ішкі істер органдары қызметінің нәтижелілігін арттыру және осы салада ІІМ-нің бейінді Комитетінің үйлестірушілік рөлін күшейту мәселелері қаралды. Есірткі бизнесіне қарсы күрес Комитетінің және министрліктің басқа да мүдделі комитеттерінің, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдары мен бөліністері басшыларының е…

0
0
387

Павлодар полицейлері екі адамды атқан күдіктілерді қылмыстың ізін суытпай қолға түсірді.

Павлодар полицейлері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Алматы облысының 29 жастағы тұрғыны мен Щучинск қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен. Түнгі бір жарым кезінде автопатрульдегілер - полиция сержанты Константин Колмогоров пен Сәбит Әбішаев бағыт бойынша кетіп бара жатып, атыс дыбысын естіген. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері жерде жатқан кеудесі және аяғы жараланған екі жас жігітті көреді. Полиция қызметкерлерін байқап қалған екеу іздерін жасырмақ болған, алайда оларды патрульдік қызметкерлер ұстады. Жараланғандар ауруханаға жатқызылды. Қолға түскендер өздерінің жараланған екі жігіттің таныстары екенін айтты. Дүкен алдында олардың арасында ақша үшін жанжал шыққан. Айтуларына қарағанда, жапа шеккендер оларға ақша берулері керек е…

0
0
269