Қарағандылық полицейлер Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған әндерді орындады.
Қарағандылық полицейлер ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай гала-концерт өткізді. Олар мерекелік кеште Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған әндерді орындады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қарағандылық полицейлер ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған шаралардан тыс қалмай, гала-концерт ұйымдастырды. Қарағанды облыстық ІІД ансамблі, вокал және би тобының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған әндерді орындады»,-деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ж.Сембеков. Мереке қарсаңында ҚР ІІМ бұйрығымен ішкі істер органдарының екі қызметкері мерзімінен бұрын шен алды, екеуі медальмен, тағы бірі «ІІМ үздігі» екінші дәрежелі төс белгісімен марапатталды. Екі адам грамота, тағы екеуіне алғыс хат табыс етілді. Қарағанды облыстық ІІД басшысының бұйрығымен 36 полицей грамотамен, 20-сы алғыс хатпен марапатталды, 45 полицейге алғыс жарияланды.
Салтанатты шара «Шалқыма» концерт залында өтті. Енді 29 қарашада қарағандылық полицейлер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен әріптестерін құттықтау үшін Астанаға барады.

