Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қырғызстан Республикасында тіркеліп, Қазақстан Республикасында пайдаланып жүрген автокөліктер жөнінде БАҚ-қа ақпарат

Қазіргі таңда Қазақстан азаматтарының падалануы үшін Қырғызстан Республикасында тіркелген автокөліктердің бақылаусыз кіруіне байланысты жағдайы ушығып кетті. Кеден комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстан аумағына Қырғызстан жерінен 200 мыңға жуық автокөліктер кіріп, олардың тек бір мыңы ғана кедендік рәсімдеуден өткен.

Ағымдағы жылдың өзінде қырғызстандық нөмірлі автокөлік жүргізушілердің салдарынан 49 адам көз жұмып, 271-і жарақат алды, 21 мыңнан астам жол қозғалысы ережесі (ЖҚЕ) бұзылып, олар бойынша жалпы сомасы 100 миллион теңгеге жуық 11,5 мың айыппұл салынып, оның тек 25% ғана өндіріліп алынды.
Автоматтандырылған белгілеу жүйесінің көмегімен қырғызстандық нөмірлі автокөлік жүргізушілердің 185 млн. теңге сомасын құрайтын 14 мыңға жуық ЖҚЕ бұзу фактілері анықталды. Алайда, мұндай жағдайда айыппұлдар өндіріліп алынбайды. Мәселен, автоматтандырылған белгілеу жүйесінің көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталған жағдайда транспорттік  құрал иесін анықтау бойынша арнайы нұсқау рәсімделмейді, себебі полицияның деректер базасында анықталған автокөліктер тіркелмеген.
Аталған бұзушылықтар бойынша жазалау мүмкіндігі іске аса алмайтындықтан, тұрақты түрде ЖҚЕ бұзу, жол-көлік оқиғаларын (ЖКО) жасауға мүмкіндік туып, соның салдарынан жол қозғалысы қатысушыларының барлығына қауіп төнеді. 
Мұның бірден бір себебі ретінде аталған автокөліктер Қырғызстанда тіркеліп, ішкі істер органдары автокөлік және оның иесі туралы мәліметтерге ие бола алмайды. 
Алайда, Қырғызстан азаматтарының қырғызстандық нөмірлі автокөліктерді шекаралас тұрған Жамбыл облысы Қордай ауылында көршілес елдің нотариустері автокөліктерді Қазақстан азаматтарына падалану мақсатында одан әрі сенімхатпен рәсімдеу үлгісін полиция анықтаған.             
Қырғызстан азаматтарының жеке падалану үшін транспортты кіргізу үлгісі біздің заңнамаға қайшы келмейді, себебі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР Кодексінің 470 бабы 2 тармағына сәйкес шетелдік жеке тұлғалар кедендік одақтың кеден аумағына жеке падалану үшін өз елінде тіркелген көлікті бір жылдан астайтын мерзімде кедендік төлем мен салықтардан босатылып, уақытша болу мерзіміне кіргізуге құқығы бар.
Алайда, Қазақстан аумағында қырғызстандық нөмірлі автокөліктерді Қазақстан азаматтарының әрі қарай пайдалану фактісі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР Кодексінің 470 бабы 3 тармақтағы көрсетілген талаптарының бұзылуы болып саналады, яғни Кодексте көрсетілгендей, жеке пайдалану үшін уақытша әкелінген тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын Кеден одағының кедендік аумағында басқа тұлғаға беруге Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды кедендік декларациялау және кедендік төлемдер мен салықтар төленген жағдайларда жол беріледі.   
Аталған құқық бұзушылық Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 423 бабына сәйкес көлікті тәркілеумен қатар 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) айыппұлы салыну көзделген.
Осы орайда, ҚР ІІМ кедендік органдар мен полицияда автокөлікті тіркеусіз иеленген Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына жақын арада аталған автокөліктерді тіркеуден өткізуге шақырады.  
Кедендік рәсімдеу талаптары мен міндеттерін бұзу фактілері бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында полиция кедендік органдармен бірлесе отырып тұрақты түрде Қазақстан азаматтарының республика аумағында қырғызстандық нөмірлі автокөліктерді пайдаланудың жолын кесуде арнайы рейдтер ұйымдастырады.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

 
0
0
311

Осы тақырып бойынша

Қырғызстан Республикасында тіркеліп, Қазақстан Республикасында пайдаланып жүрген автокөліктер жөнінде БАҚ-қа ақпарат - Yvision.kz