Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

Қарағанды облысының үздік тергеушісіне ноутбук сыйланды.

Қарағанды облысының үздік тергеушісіне ноутбук сыйланды. «BNews.kz», 14.04.2014ж.
Қарағанды облыстық ІІД 2014 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша полицияның аға лейтенанты Саят Сатанов үздік тергеуші болып танылды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ж.Сембеков хабарлады.

ІІД тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Омаровтың айтуынша, үздік тергеушіні анықтауда кәсібилігі мен жұмысының нәтижесі басшылыққа алынған. Үздік тергеушіге ноутбук сыйға тартылды.

Бұған қоса ҚР ІІМ бұйрығымен өз міндетін мүлтіксіз орындаған екі полицей «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, ал тағы екі полицей ҚР ІІМ құрмет грамотасымен марапатталды. Бірқатар қызметкерлерге грамоталар мен алғыс хаттар берілді.

0
0
204

Дін өкілдері полиция қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Дін өкілдері полиция қызметкерлерімен кездесу өткізді. «BAQ.KZ», 14.04.2014ж. Дін өкілдері Ақтау қаласында әкімшілік полиция қызметкерлері және қалалық Ішкі істер қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасы тарапынан ұйымдастырылған ақпараттық насихат жұмыстары облыс көлемінде атқарылуда. Мектеп, колледж, университет және мемлекеттік мекеме ұжымымен кездесулер ұйымдастырылуда. Қоғамның тыныштығы мен бірлігін сақтау баршамызға ортақ міндет. Дін атын жамылған теріс ағымдардың қоғамға тигізер зияны мен зардабын түсіндіру мақсатында Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Е.Есбергенов пен Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков Ақтау қаласындағы Әкімшілік полиция қызметкерлері және қалалық…

0
0
710

Павлодарда ІІД жас қызметкерлері мен тәлімгерлерінің слеті өтті.

Павлодарда ІІД жас қызметкерлері мен тәлімгерлерінің слеті өтті. «BNews.kz», 14.04.2014ж. Облыстық ішкі істер департаментінде жас қызметкерлер мен тәлімгерлердің слеті өтті. Кезекті кездесуге жүздеген тәжірибелі ішкі істер органының жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлері, ардагерлер жиналды. Аға буын өздерінің кәсіби жетістіктерін айтып, жастармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Шараны ішкі істер департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н. Жүнүсов ашты. «Баршаңызға Отан алдындағы қызметімізге жетістік тілеуге рұқсат етіңіздер. Жастарды тәрбиелеу ісі - қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Елбасының қойған аса маңызды тапсырмасы. Осы мәселе әр азаматпен бірлесіп атқарылуы қажет. Бүгінгі басқосудың негізгі мақсаты - моральді-психологиялық тұрғыдан жан-жақты болуды қалыптастыру…

0
0
474

Жамбыл облысында қару-жарақты ерікті түрде полицияға тапсыру акциясы басталады

Жамбыл облысында қару-жарақты ерікті түрде полицияға тапсыру акциясы басталады. «BNews.kz», 14.04.2014ж.
2011 сәуірде Жамбыл облысында заңсыз сақталып келген қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды ерікті түрде полицияға тапсыру акциясы басталады. Бұл туралы BNews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметі қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды ерікті түрде полицияға тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын атап көрсетті.

«Қару-жарақты полицияға өткізгендерге өтемақы қарастырылған. 2014 жылы бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 17 млн теңге қаржы бөлінді», - деп хабарлады полициядан.

0
0
227

СҚО-да жас инспекторлар жол полицейлеріне көмек көрсетуде.

СҚО-да жас инспекторлар жол полицейлеріне көмек көрсетуде. «BNews.kz», 11.04.2014ж. Солтүстік Қазақстан облысында жас инспекторлар полицейлерге «Назар аудар – бағдаршам!» республикалық алдын алу шарасын өткізуге көмек көрсетуде. Қала мектептерінің жас инспекторлар жасағының мүшелері осылайша облыста жол апатын азайтуға үлес қосуға ынта танытқан, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Жас инспекторлар жасағының мүшелері Интернациональный, Болатбаев көшелерінің көлік көп жүретін жерінде жүргізушілерге нұсқаулықтар таратып, рөлге отырғанда сақтық таныту қажеттігін еске салуды да ұмытпады. Жалпы «Назар аудар – бағдаршам!» республикалық алдын алу шарасы басталғалы 9 күнде солтүстікқазақстандық полицейлер жол қозғалысы ер…

0
0
330

Өскеменде қылмыстың алдын алуды полиция шенеуніктермен бірге атқарады.

Өскеменде қылмыстың алдын алуды полиция шенеуніктермен бірге атқарады. «BNews.kz», 10.04.2014ж. Өскеменде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша 12 жұмыс тобы құрылды. Оған қала әкімдігінің істерін басқару филиалдарының директорлары, ІІБ учаскелік инспекторлары және прокуратура қызметкерлері кіреді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бұл шара азаматтардың заңды мүддесі мен құқықтарын құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау, ҚР «Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» заңына сәйкес құқықбұзушылықты ескерту және алдын алуды көздейді. Жаңа құқықтық әрекеттестік кез келген мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді, тіпті тұрғындардың өздері де осы топқа хабарласуына болады. Учаскелік инспектор мен прокурор бір жерде филиал аумағында болады. Кеңсе, арнайы техника және жиһаз мәселелері шешілді», - д…

0
0
457

Жастарға ақ жол тіледі.

Жастарға ақ жол тіледі. «Айқын», 09.04.2014ж.Алматының іргесіндегі Қарасай ауданында Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен полиция ардагерлері мен жас полицейлер слеті болып өтті. Сондай-ақ алқалы жиынға Ішкі істер министрлігінің өкілдері, облыс бас полицейінің орынбасарлары мен ардагер сақшылар және таяуда полиция органдарына қызметке алынған жастар қатысты. Жиынды ашқан Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұрат Құмарбековтың айтуынша, соңғы жыл­дары облыс бойынша полиция қызметкерлерінің сапын 350-ден астам жас қызметкерлер толықтырыпты. Олардың басым көпшілігі – елі­міздің ІІМ қарасты жоғары оқу орындары мен аймақтағы полиция мектептерін бітірген жастар. – Біздің басты мақсатымыз – қатарымызға келіп қосылған жас­тарға полиция ардагерлері а…

0
0
909

Алматы облысының жас полицейлері бас қосты.

Алматы облысының жас полицейлері бас қосты. «BNews.kz», 08.04.2014ж. Алматы облысында жас полиция қызметкерлері мен тәлімгерлердің слеті болып өтті. Бұл бас қосудың негізгі мақсаты – жас мамандардың бойында отандық патриотизмді арттыру,-деп хабарлайды BNews.kz Алматы облыстық ІІД-ның баспасөз қызметінің өкілі Гүлнәр Тазабековаға сілтеме жасай отырып. «Слет жұмысына ҚР ІІМ Тергеу комитеті төрағасының орынбасары Рахмаджан Досанов қатысып, жас мамандардың бойында отаншылдық патриотизмді қалыптастырудың маңызы жайлы сөз сөйледі. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап қолданысқа енгізілетін Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстердегі өзгерістер мен толықтыруларды игеру үшін жас мамандардың бүгіннен бастап дайын болулары қажет екеніне тоқталды», де…

0
0
356

Алматы облысында полицейлер аты аңызға айналған генерал Әбдіқадыр Болсамбековпен қоштасу рәсімін өткізді.

Алматы облысында полицейлер аты аңызға айналған генерал Әбдіқадыр Болсамбековпен қоштасу рәсімін өткізді. «ҚазАқпарат», 07.04.2014ж. Белгілі генерал Әбдіқадыр Болсамбековпен қоштасу рәсіміне мыңға жуық полицейлер қатысты. Полиция қызметкерлерінен жасақталған дәліз 400 метр жерге созылды. Алматы облысы Ішкі істер департаменті ғимараты алдында өткен қоштасу рәсімінде аймақ басшылары, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген генералдар мен ардагерлер сөз сөйледі. Осы шара барысында аты аңызға айналған генералдың мәйітін жас офицерлер жауынгерлік бронетранспортермен алып шықты. Генералды жерлеу рәсімінде полиция офицеріне лайық сый-құрмет көрсетіліп, ол қалалық зиратта жерленді. Бұдан бұрын хабарланғандай, 3 сәуірде 91 жасқа қараған шағында аты аңызға айналған запастағы генерал-майор, Ұлы Отан…

0
0
386

Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы басталды.

Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы басталды. «BNews.kz», 02.04.2014ж.
2014 жылғы 1-30 сәуірде Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» атты жолдардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу айлығы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.   

«Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жолдардағы апаттық жағдайлар мен өлім деңгейін, ЖКО-да жарақаттанған ересектер мен балалардың санын төмендетуге бағытталған. Акция аясында әкімшілік полицияның басқарушы құрамынан жұмыс тобы жасақталды. Топ жол-көлік жағдайын жақсарту мәселелері бойынша жедел шешімдер қабылдайтын болады.

0
0
347