Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облысының жас полицейлері бас қосты.

Алматы облысының жас полицейлері бас қосты. «BNews.kz», 08.04.2014ж.
Алматы облысында жас полиция қызметкерлері мен тәлімгерлердің слеті болып өтті. Бұл бас қосудың негізгі мақсаты – жас мамандардың бойында отандық патриотизмді арттыру,-деп хабарлайды BNews.kz Алматы облыстық ІІД-ның баспасөз қызметінің өкілі Гүлнәр Тазабековаға сілтеме жасай отырып.   

«Слет жұмысына ҚР ІІМ Тергеу комитеті төрағасының орынбасары Рахмаджан Досанов қатысып, жас мамандардың бойында отаншылдық патриотизмді қалыптастырудың маңызы жайлы сөз сөйледі. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап қолданысқа енгізілетін Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстердегі өзгерістер мен толықтыруларды игеру үшін жас мамандардың бүгіннен бастап дайын болулары қажет екеніне тоқталды», делінген хабарламада.

Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары Мұратбек Құмарбеков қылмыстың алдын алу мен ашуда жас мамандардың біліктілігі зор рөл атқаратынын баса айтты. ІІД жеке құрамы өткен жылы 350 жас маманмен толығыпты. Оның ішінде 65 жас маман Ішкі істер министрлігіне қарасты оқу орындарын бітіріп келген офицерлер. Олардың әрқайсысына осы саланың қыр-сырын меңгерген тәлімгерлер бекітілген.

Слет соңында бір топ жас мамандар Ішкі істер министрлігі мен Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды. Слетке қатысушы жас мамандар Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың және ақын Ж.Жабаевтың тарихи мұражайларында болды.

0
0
357

Осы тақырып бойынша

Алматы облысының жас полицейлері бас қосты. - Yvision.kz