mvdgovkz
Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
100
жазбалар
998
пікірлер
0
тіркелуші
9
жазылымдар
2
рейтинг
100
жазбалар
998
пікірлер
0
тіркелуші
9
жазылымдар
2
Отырыстың күн тәртібінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау шаралары және жай-күйі,
Іс-шарада азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету - қылмыстық сот өндірісінде әрдайым маңызды және проблемалық болып табылатыны атап өтілді. Көбінесе олардың шешімінен азаматтардың құқық қорғау органдарының жұмысына деген сенімі анықталады.
ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық Кеңестің отырысы болып өтті.
Толығырақ http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%98%20%D0%BE%20%D0%B7%D0%B0%D1%81%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B8%20%D0%9E
СҚО полицейлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді.
СҚО полицейлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. «BNews.kz», 19.03.2014ж.Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 17-19 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Шараға 966 полиция қызметкері, жүзден астам әскери қызметшілер мен 74 полицияның қоғамдық көмекшілері тартылған. Олар наурыз мерекесі қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс атқарады. «Шараның алғашқы күнінде 533 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 45-і ұсақ бұзақылық, 255-і қоғамдық орындарда ішімдік ішу фактісі. Сонымен қатар ішімдік ішіп көлік басқарған 15 жүргізуші ұсталды, бір жүргізуші есірткі затын қабылдап көлікке отырған, 18-і жылдамдықты шамадан тыс асырған. Көші-қон полици…
ШҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.
ШҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. «BNews.kz», 19.03.2014ж.ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып «Жолда қабылдау» акциясын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Акцияға қатысушылар «Өскемен - Самар-Күршім» бағдары бойынша микроавтобуспен Кокпекті және Күршім аудандарына жолға шықты. «Жолда қабылдау» мобильді тобын ШҚО ІІД ӘПБ бөлімінің басшылығы мен «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбекұлы Түсіпбеков басқарды», - деп көрсетілген хабарламада. Осы шараға облыс бойынша «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінін 35 өкілі, 35 ішкі істер органдары ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты. ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы бөлімінің…
Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды.
Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды. «BNews.kz», 19.03.2014ж.Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды, деп хабарлайды BNews.kz Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті, қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы іс-әрекеттерді уақытылы ескертуді және жолын кесуді қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдың 21-25 наурызы күндері аралығында қызмет көрсетудің күшейтілген тәртібіне көшіріледі», - делінген ақпаратта. Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Сапар Шерьяздановтың айтуынша, қоғамдық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын…
Астанада Наурызды мерекелеу күндері көлік қозғалысында шектеулер енгізіледі.
Астанада Наурызды мерекелеу күндері көлік қозғалысында шектеулер енгізіледі. «ҚазАқпарат», 18.03.2014ж. Астанада Наурызды мерекелеу күндері қоғамдық көлік қозғалысының кестесі өзгереді. Бұл туралы бүгін ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков айтты. 21 наурызда Тәуелсіздік даңғылы мен Байтұрсынов көшесін жабу кезінде 3, 4, 14, 19, 21, 32 и 40 нөмірлі қоғамдық көлік бағдарлары Қошқарбаев даңғылы - Обаған көшесі - Нәжімеденов көшесі бойынша айналып жүретін болады. Оның айтуынша, мерекелік шаралар өтетін бұл аумақта қозғалыс мүлдем тоқтатылып, техникалық көліктерге және қоғамдық көліктерге кіруге ғана рұқсат етіледі. Сонымен қатар «Хазірет Сұлтан» мешітіне жұма намазына баратындар үшін сағат 11:30-дан 15:00 аралығында жоғарыда аталған бағдарларға қосымша автоб…
БАҚ-қа ақпарат
ҚР күш құрылымдары мен құқық қорғау органдары арасында самбо күресінен өтетін «Динамо» ДШСҚ ҚБ-ның 3 жазғы салалық ашық спартакиадасына дайындық аясында 2014 жылғы 12-14 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында ІІО күзет қызметі бөліністерінің құрама командалары арасында самбо күресінен іріктеу спартакиадасының жеңімпаздары анықталды. http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%98
«Бұдан былай „Сенімхат“ үшін шығындалып керегі жоқ», — полиция өкілі.
"Бұдан былай «Сенімхат» үшін шығындалып керегі жоқ", - полиция өкілі. «Baq.kz», 14.03.2014ж. Бүгін Астана қаласындағы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы «Жолдағы қабылдау» атты республикалық акциясын өткізген болатын. Акция аясында жүргізушілер тарапынан қойылған көптеген сауалдардың бірі – осы күнде қоғам арасында кеңінен талқыланып жүрген қолмен жазылған «Сенімхаттың» заңдық күшіне байланысты болды. Оған Әкімшілік полиция басқармасының аса маңызды сұрақтар бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі Бақытжан Асылханұлы жауап берді. - Көлік құралының иесі мен көлігін жүргізуге өзі сенім артып отырған адаммен бірге тиісті құжаттармен жол полициясы мекемесінің мамандарына келіп, солардың көзінше куәландыра отырып, сенімхатты қолмен жазып берсе және оны мекеменің жауапты мамандары дұрыстығы…
Полицейлер «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді.
Полицейлер «Жолдағы қабылдау» акциясын өткізді. «Baq.kz», 14.03.2014ж. Бүгін Астана қаласындағы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы «Жолдағы қабылдау» атты республикалық акциясын өткізді. Мақсат – жол қауіпсіздігі аясындағы жол-патрульдік полиция жұмысы бойынша азаматтарға кеңес және құқықтық көмек көрсете отырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамдық қабылдау акциясында азаматтардың арыз-шағымы мен өтініш, сауалдарына құлақ түргендер қатарында Әкімшілік полиция басқармасының мамандарымен бірге «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Марал Қуанышева да болды. Күні бойы жалғасқан қабылдау аясында азаматтар және қала тұрғындарына мамандар сан түрлі кеңестер берді. Атап айтқанда, ірі сауда үйлері мен вокзал аясындағы алаңқайда, А…