Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы басталды.

Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы басталды. «BNews.kz», 02.04.2014ж.
2014 жылғы 1-30 сәуірде Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» атты жолдардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу айлығы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.   

«Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жолдардағы апаттық жағдайлар мен өлім деңгейін, ЖКО-да жарақаттанған ересектер мен балалардың санын төмендетуге бағытталған. Акция аясында әкімшілік полицияның басқарушы құрамынан жұмыс тобы жасақталды. Топ жол-көлік жағдайын жақсарту мәселелері бойынша жедел шешімдер қабылдайтын болады.

0
0
348

Осы тақырып бойынша

Алматыда «Назар аударыңыз – бағдаршам» айлығы басталды. - Yvision.kz