Бүгін Ш.Бөлтекұлы атындағы бокстан турнир басталады
Бүгін қазақ боксының негізі қалаушы, маңғыстаулық Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы дәстүрлі 7-нші халықаралық турнир өтеді. Турнирге Әзірбайжан,Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Украина секілді шет-мемелекеттерден және Қазақстанның облыстық құрамалары қатысады.
Турнирдің ашылу салтанаты 26 қыркүйек 18:00 де.
Алдын-ала кездесулер 27 қыркүйек 15:00
Ширек финал 28 қыркүйек 15:00
Жартылай финал 29 қыркүйек 15:00
Финалдық кездесулер 30 қыркүйек 12:00
Өтетін орны: 1 ш.а. «Каспий» спорт кешені
