Теңіз жағасындағы өзгерістер
Кеше теңіз жағасына барып едім, біраз өзгерістер болып қалыпты. Жағалау көркейтіліп жатыр. Теңіз жағасына заңсыз салынған құрылыстарды бұзу - облыс әкімінің "теңіз жағасы сатылмауы тиіс, Каспийдің жағасында қарапайым халық қыдыратындай жағдай болуы керек" деген тапсырмасынан кейін басталды. Шыны керек, жағалау жекеменшік құрылыстардан көрінбей қалған еді. Қазір Каспийдің жағасында тұрғындардың алаңсыз серуендеп, суға шомылуы үшін барынша жағдай жасалуда. Кейбір кәсіпкерлердің кафелерін қоршап қойған адам өте алмас қоршаулары алынып тасталды. Енді жағалау тазаланып, тегістеліп, жұрттың жүруіне ыңғайлы болуы үшін ұзындығы 800 метр жерге "брусчаткалар" төселіп, жаяу жүргіншіге арналған жолдар салынып жатыр. Жоғарыдағы сурет сол «Астана» сауда орталығы мен «Кораблик» кафесінің аумағындағы жұм…
