Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Батальон командирлері жауынгерлік әзірліктерін жетілдіруде

Әскерлердің 2014 оқу жылындағы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында батальон және дивизион командирлерінің онкүндік жиыны басталды. Оған өңірлік қолбасшылыққа қарасты құрамалар мен бөлімдерден жетпіске жуық командирлер қатысуда. Жиынның басты мақсаты командирлерді тактикалық дайындық, барлау, зымыран әскерлері және артиллерияны жауынгерлік қолдану, тылдық, техникалық, инженерлік қамтамасыз ету және радиоэлектронды күрес бойынша оқыту болып отыр. Сондай-ақ, командирлердің тактикалық сабақтар кезіндегі білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру. Озық тәжірибелерді зерделей отырып, офицерлерді оқыту мен тәрбиелеу процесіне енгізу. Командирлердің функционалдық міндеттерін орындаудағы кәсіби дайындықтары мен тәжірибелік машығын арттыру қарастырылған. Команд…

0
0
474

Қорғаныс министрлігі кезекті азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді аяқтауда

Жергілікті әскери басқару органдары республикамыздың азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді аяқтауда. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2014 жылы 17 жасқа толатын жасөспірімдер есепке алынатын болады. Бүгінгі таңда 80 мыңнан аса адамды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілді. Екі ай ішінде жасөспірім жігіттер тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерде олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау мақсатында медициналық тексеруден өтті. Бұрын хабарлағанымыздай, бұл іс-шаралар әскери қызметке шақырылу жасына дейінгі жастарды әскер қатарына дайындауға мүмкіндік береді. Денсаулықтарында елеусіз кемшіліктер анықталған жастарға тиісті емдеу мекемелеріне жолдамалар берілді. Олар онда әск…

0
0
282

«Мәңгілік Ел»: Минобороны РК за идейную основу Нового Казахстанского Патриотизма

В Астане в рамках реализации Послания Главы государства народу Казахстана «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» состоялся первый столичный военно-патриотический форум «Міндет, Абырой, Ерлік!». Организатором форума выступило молодежное крыло «Жас Отан» НДП «Нур Отан». В нем приняли участие военнослужащие срочной службы Вооруженных Сил Республики Казахстан, учащиеся 10-11 классов, студенты учебных заведений, а также члены военно-патриотических клубов. - Сегодня каждый из нас должен глубоко осознать веление времени и четко следовать формуле: Казахстанский патриотизм – духовный стержень нации, норма жизни прогрессивного общества. Молодежь – базовая движущая сила будущего Казахстана, достойная смена старших поколений. Как отметил в своем Послании народу Каза…

0
0
344

«Мәңгілік ел»: ҚР Қорғаныс министрлігі Жаңа Қазақстандық Патриотизм идеясы үшін

Астанада Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Міндет, Абырой, Ерлік!» деп аталатын алғашқы елордалық әскери патриоттық форум болып өтті. Форумды «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырып отыр. Жиынға ҚР Қарулы Күштері мерзімді қызметтің әскери қызметшілері, 10-11 сыныптардың оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, әскери-патриоттық клубтардың мүшелері қатысты. ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары полковник М. Таласов: – Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз уақыт тезіне бағынып, Қазақстандық патриотизм ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғамның қалпы екенін терең түсінуіміз керек. Жастар – болашақ Қазақстанның бастаушы күші, аға ұрпақтың лайықты ізбасары. Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрс…

0
0
571

Астанада мемлекеттік авиацияның ұшулар қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Астанада мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі жөніндегі конференция болып өтті. Конференция жұмысына Әуе қорғанысы күштерінің басшылық құрамы, ҚР Қарулы Күштері авиациялық бөлімдерінің командирлері, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері комитеті авиациялық қызметтерінің, Бас әскери прокуратура және Азаматтық авиация комитетінің өкілдері қатысты. Аталған шарада ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті проблемалық мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік авиация жүйесі қызметінің сенімділігін жоғары деңгейге жеткізу жолдары қаралып, кеңінен талқыланды. Конфернцияға қатысушылар мемлекеттік авиацияның апаттық көрсеткіштерінің қазіргі уақытта жоғары деңгейде қалып отырғанын, ұшулар қауіпсіздігі жай-күйінде түбегейлі өзгерістердің бола қоймағанын атап өтті. Жиында Қа…

0
0
366

ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери қызметшілері арасында бокстан бірінші ашық чемпионат өтуде

Астанада ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің арасында бокстан бірінші ашық чемпионат өтуде. Жарыс бүгін армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында жалауын көтерді. Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілеген ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев: – Қазақстан бокстан әлемдегі алдыңғы орындардан көрініп жүр. Сол себепті, біз боксты ұлттық спорт түрі деп есептейміз. Жоғарғы Бас қолбасшы – Президентіміздің арқасында спорт барлық бағыт бойынша дамып келеді. Біз өз Президентімізбен, өз мемлекетімізбен және сүйікті Отанымызбен мақтанамыз. Біз оны қажет болса, жұдырықпен де қорғауға дайын болуымыз керек, – деді. Былғары қолғап иелерінің бәсекесіне 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиадалық ойындардың чемпионы Бақыт Сәрсекбаев құрметті…

0
0
296

Талдықорғандағы күрделі жөндеуден өткен әскери госпиталь жұмысын бастады

Талдықорған гарнизонында күрделі жөндеуден өткен әскери госпиталь пайдалануға берілді. Медициналық мекемені қайта қалпына келтіру жұмыстары өткен жылдың шілде айында басталған болатын. Бұл мекемеде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне медициналық жәрдем көрсетіледі. Сардарлар мен сарбаздарға сапалы ем жасау үшін госпитальде хирургия, анестезиология және реанимация, терапия және жұқпалы аурулар бөлімшелері жұмыс істейді. 1973 жылы ашылған 100 орындық әскери госпитальге күрделі жөндеу жұмыстары кезінде үй-жайларға әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі заманғы медициналық құрылғылар сатып алынды. Осының арқасында әскери дәрігерлерге қаралушылар үшін жағдай барынша жақсарып отыр. Білікті және мамандандырылған жәрдем көрсету мақсатында госпиталь «Aloka SSD» ультрадыбысты аппаратымен…

0
0
548

Бакуде әскери білім беру саласындағы Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығы мәселесі талқыланды

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым Бакуге жасаған жұмыс сапары аясында Әзербайжан Қорғаныс министрінің жеке құрам бойынша орынбасары - жеке құрам басқармасының басшысы Шыңғыс Мәмедовпен кездесті.

Сапар мақсаты - әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық орнату.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы әскери, әскери-техникалық және әскери білім беру саласын дамыту бойынша ынтымақтастық мәселесі, сондай-ақ қорғаныс саласындағы мемлекеттер қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды.

ҚАЗАҚПАРАТ

0
0
261

ҚР Қорғаныс министрлігі Польшамен әскери ынтымақтастық туралы Жоспарға қол қойды

ҚР Қорғаныс министрлігі Польша Республикасының қорғаныс ведомствосымен 2014 жылғы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Аталған құжатта арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жеке құрамын дайындау бойынша тәжірибе алмасу, қазақстандық әскери қызметшілердің Польша Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік және жедел даярлық іс-шараларына қатысуы, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі саласындағы екі елдің өзара іс-қимылдары қарастырылған. Бұл Қазақстан мен Польша Қорғаныс министрліктері арасында тұңғыш рет қол қойылып отырған ынтымақтастық жоспары екенін атап өткен жөн. Кездесуде қазақстандық тарапты ҚР Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Әділ Беков басқарды. Польша тарапынан құжатқа Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасы Елшілігі жанындағы әскери атташ…

0
0
340

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қар құрсауында қалған адамдарды құтқарды

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Алматы облысындағы Сарыөзек-Көктал автокөлік жолында қар құрсауында қалған адамдарды құтқаруға қатысты.

Жолдың қар басып қалған учаскесінен көліктер мен жүргіншілерді эвакуациялау жөніндегі жұмыс түн ортасынан таңғы сағат 6-ға дейін жалғасты.

Техника мен жеке құрам бөлу туралы сұрау ҚР Қорғаныс министрлігіне ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық дағдарыстық орталығынан 17 ақпан күні кешкі сағат 19.00-де келіп түсті. ҚР ҚК Құрлық әскерлеріне қарасты 12740 әскери бөлімінен МТЛБУ сүйреткіш машинасы мен КАМАЗ-43114 автокөлігі, сондай-ақ 5 адамнан құралған жеке құрам бөлінді.

ҚР ҚК әскери қызметшілері 15 бірлік автомобиль техникасы мен 27 адамды эвакуациялап, оларды жылынатын жерге жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
453